«Қарағанды – Алматы» тасжолында жолаушыларға қызмет көрсететін 9 бекет салынады

Фото:ҚазАқпарат

Алматы. 1 қазан. Ақпараттар орталығы - Қазір «Қарағанды – Алматы» тасжолы салынып жатыр. Жолмен қатар ондағы инфрақұрылымды дамыту мақсатында аталған бағытта 9 жол бойы бекеті бой көтермек. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Елімізде жол бойындағы инфрақұрылымды дамыту өте маңызды. Оның үстіне бүгінде ішкі туризм ілгерілеп келеді, осы орайда жол мен ондағы инфрақұрылымның болуы шарт. «Қарағанды- Алматы» тасжолында 9 бекет салу қаралып жатыр. Қазіргі уақытта инвесторлар бекет салатын жерді белгіледі. Жол бойы бекеттері ұлттық стандартқа сәйкес жоғары санатта салынады. Яғни «А» санатында. Ол жерде жанар-жағармай құю бекетінен бөлек, тамақтану орындары, техникалық қызмет көрсету орталығы және кемпинг (автотуристерге арналған жазғы лагерь) болады», - деді Бейбіт Атамқұлов Үкімет үйінде онлайн өткен баспасөз мәслихатында. Сондай-ақ, министр жол бойындағы сервистердің қай учаскелерде орнатылатынын айтты. «Аталған жол бойы бекеттері Ақсу-Аюлы, Бурылбайтал, Құрты және Қапшағай жол учаскелерінің бойына орнатылады. Бүгінде еліміз бойынша 120 жол бойы сервисі жұмыс істеп тұр. Оның 60-ы ұлттық стандартқа сәйкес келеді. Біз жергілікті атқару органдарымен бірлесіп бұл бағыттағы жұмысты жалғастыратын боламыз, - дейді ол. Бұған дейін ведомство басшысы «Қарағанды-Алматы» тасжолының пайдалануға берілетін мерзімін атады.



Источник: ҚазАқпарат

ru Самоубийство – одна из главных причин неестественной смерти среди подростков

ru Кто может стать донором?

ru В Караганде и Темиртау первые потребители подключены к природному газу

ru Казахстан активизирует работу по декарбонизации транспорта

ru В канун Дня Первого Президента Казахстана очередной населенный пункт

ru Угроза взрыва зафиксирована на авиарейсе Санкт-Петербург–Нур-Султан компании Air Astana

ru Склады на границе России и Казахстана переполнились контрафактом

ru Майнеры скрывались в сетях крупного поставщика электроэнергии - Минэнерго

ru Токаев прилетел в Алматы

ru После урагана в Жамбылской области восстанавливают газопроводы

ru Сильный ветер в Жамбылской области стал причиной повреждения газопроводов

ru 100% акций АО «КазТрансГаз» переданы АО ФНБ «Самрук-Казына»

ru Российские эксперты назвали основные признаки фишинговых писем

ru Бюджет 2022-2024: на что потратят выделенные деньги

ru Камбоджа разрешила въезд привитым от коронавируса иностранным туристам

en Kazakhstan provides humanitarian aid to Afghanistan

ru Жестко будем наказывать: МОН Казахстана об эксплуатации учителей

kz Қ.Тоқаев Қарағанды облысындағы полиметалл кен байыту фабрикасын іске қосу рәсіміне

ru В Казахстане утвержден новый порядок пересечения госграницы

en U.S. Mission Congratulates Kazakhstan Ministry of Internal Affairs and Prosecutor

ru Причины роста инфляции назвал глава Нацбанка

ru Бывший директор "Шымбулака", "Медео" и зоопарка стал вице-министром

ru Токаев прибыл в Карагандинскую область

kz Алматы полициясында интернет-алаяқтықты ашу үшін арнайы топ құрылды

ru Facebook сменит название

ru В Казахстане вырос спрос на услуги психиатров

ru Автомобиль наехал на лошадь в Жамбылской области: водитель погиб

ru Погода в Казахстане 20 октября

ru В МВД Белоруссии предложили лишать оппозиционеров гражданства

ru Казахстан готовится подписать межправсоглашение с Туркменистаном о режиме госграницы