Қарқаралыдағы Құнанбай қажы мешітінің бастапқы айшығы табылды
16 Сентября 2021
1148
Культура
Фото:Хабар 24
Алматы. 16 қыркүйек. Ақпараттар орталығы - Қарқаралыдағы Құнанбай қажы мешітінің алғашқы айшығы табылды. Оны өткен ғасырдың 30-жылдары қызыл үкіметтің жендеттері мұнарадан атып түсірген деген дерек бар, деп хабарлайды Хабар 24.
Құнды жәдігер қазір белгілі өлкетанушы Ерлан Мұстафиннің қолында. Айшық осы күнге дейін қалай сақталды?
Шамамен екі ғасыр бұрын жергілікті ұстаның бірі жасаған бұл көне жәдігер қазір өлкетанушы Ерлан Мұстафиннің қолында. 1930 жылдары қызыл үкіметтің жендеттері мешітті қирату керек деген бұйрық шығарып, Имаш есімді кісі айшығын мылтықпен атып түсірген екен. Бірақ ол сол жерде жантәсілім еткен дейді. Бұл сұмдыққа куә болған жұрт жан-жаққа қаша жөнелгенде Сәдуақас Шәріпқажыұлы жерге құлаған айшықты алып үлгіреді. Содан бері Сәдуақас молда бұл жәдігерді көзінің қарашығындай сақтап, өмірінің соңына дейін жастығының астында жасырып келген.
Ерлан Мұстафин, өлкетанушы: - Ол үйге Ақжан әл Машани барып тұрады екен. Содан біледі екен осы айдың тарихын, мешіт айшығы сол үйде екенін. Содан ол кісі мешіт ашыларда, ол кезде ақсақал уже қайтыс болып кеткен айшықты сақтаған, Ақжан Машани бір туысына звандап, сендер барып алыңдар дейді. Мен де мешіттің ашылуына келемін дейді. Бірақ ол кісі келе алмады ғой деймін. Осы айшықты ілеміз қайтадан деген. Содан жаңағы туысы барып алады ана үйден, балаларынан рұқсат алып. Содан айшық жоғалады.
Ерлан Мұстафин көне жәдігерді дәл сол айшықты соңғы рет алған ақсақалдың үйінен тапқан. Ол кезде қария қайтыс болып, балалары керек қылмапты. Айшық Қытайға жөнелткелі жатқан темір-терсектің арасында жатыпты. Жалпы тарихи деректерге сүйенсек, бұл мешіт өткен ғасырдың ортасында жатақхана, пионерлер үйі, қойма болған. Тіпті, 80-ші жылдары атқораға айнала жаздапты. Кейін Тәуелсіздік алған жылдары қайта түледі.
Ұлықбек Есдәулет, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы: - Қарқаралы уъезінде аға сұлтан болып басқарып тұрған кезінде Құнанбай 12 болыстың басын қосып осы мешітті салғызыпты. Бұл енді ол кісінің өз заманында жәй ғана шынжыр балақ, шұбар төс, алпауыт бай болып қана қоймай, оның халықтың рухани әлеміне де қатты көңіл бөлгендігін байқатады деп айтар едік. Құнанбайдың көзін көрген құнды жәдігер болып, тарихи бұйым болып есептеліп отыр. Бүгін соны қолымызға ұстап көріп, тәу етіп тұрған жайымыз бар.
Көне жәдігер әзірге өлкетанушы Ерлан Мұстафиннің қолында.
Келешекте ол айшықты мешітке тапсыруды көздеп отыр.
ru Займы под 120% годовых: дело о незаконном кредитовании передано в
ru Выставка тепличных технологий Grow Expo Astana 2026 пройдет 8-10 апреля
ru Жаркентская мечеть включена в предварительный список Всемирного наследия ЮНЕСКО
ru В Минтруда обсудили новые механизмы трудоустройства лиц с инвалидностью
ru Схема обмана студентов через соцсети раскрыта в Шымкенте
ru В Акорде состоялась церемония встречи Президента Сербии
ru Мобильный ЦОН: сколько услуг казахстанцы получают через приложение
ru Подростки с особыми потребностями осваивают профессию кондитера в Карагандинской области
ru КНБ ликвидировал канал контрабанды наркотиков
ru Охлажденное мясо птицы можно будет хранить в 3 раза дольше
ru Солдат Национальной гвардии разработал цифровой портал для военнослужащих
ru Учащиеся 0-9 классов второй смены переведены на дистанционный формат обучения
ru Пенсионерка едва не лишилась более 2 млн тенге в Павлодаре
ru Строительство нового завода Coca-Cola Içecek в Актобе планируется начать в
ru Один из крупнейших бизнесменов Польши построит фармзавод в Шымкенте
ru Стартует прием заявок на премию Президента Республики Казахстан «Алтын Сапа»
ru Президент Сербии Александр Вучич посетит Астану 26-27 февраля
ru Глава государства направил поздравительную телеграмму Эмиру Кувейта
ru МТСЗН РК опровергло фейк о ежегодном отпуске
ru В Алматы открылась юбилейная выставка о мастерах кино
ru В Астане вынесен приговор интернет-мошеннице
ru Олжас Бектенов о выделении 1 трлн тенге на посевную кампанию
ru Олжас Бектенов поручил упростить и оцифровать процедуру льготного кредитного финансирования
ru В Казахстане продолжается подготовка к паводковому периоду
ru В Алматы продолжают расширять фонд студенческих общежитий
ru Почти 3000 га сельхозземель возвращены в госсобственность в Туркестанской области
ru Марихуана в особо крупном размере изъята в ВКО
ru Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров «Самрук-Қазына»
ru Из Турции экстрадирован подозреваемый в серийном мошенничестве
ru Спасатели МЧС оказали помощь 13 гражданам, оказавшимся в снежном заносе

+77772555856
Написать нам




