26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Қазақстан мен Люксембург премьер-министрлері аэроғарыш саласындағы ынтымақтастықты талқылады

9 маусым 2017 Қаралым: 2 294 Саясат
primeminister.kz
Фото: primeminister.kz

Алматы. 9 маусым. Ақпараттар орталығы. ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Люксембург Ұлы Герцогтігінің Премьер-Министрі Ксавье Беттельмен кездесу өткізді, деп жазады primeminister.kz.

Кездесу барысында тараптар сауда, экономика, инвестициялар, инновацияларды қолдау, инфрақұрылымды дамыту, ведомствоаралық және іскерлік байланыстарды жандандыру салаларындағы ынтымақтастық перспективаларын, сондай-ақ Люксембург Ұлы Герцогтігінің ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуын талқылады.

Бұдан өзге, аэроғарыш саласында, атап айтқанда ғарыш кеңістігіне ғылыми зерттеу жүргізу, ғарыш аппараттарын жасау және пайдалану, жерсеріктік байланыс және навигация аясында екіжақты байланысты нығайту мәселелері қаралды.  

Хабарда айтылғандай, Люксембург Ұлы Герцогтігінің көрмедегі Ұлттық күні 2017 жылғы 11 маусымда өтеді. 

10 маусымда Люксембург Ұлы Герцогтігінің Премьер-Министрі Ксавье Беттельдің Қазақстанға жұмыс сапары аясында Астанада бұл елдің Құрметті консулдығын ашу жоспарланған. 

 

Дереккөз: Официальный сайт премьер-министра РК

Тағы оқыңыз