29 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Қазақстан мен Қытай шекара қызметі терроризмге қатысты тұлғалар туралы ақпарат алмасуға келісті

21 желтоқсан 2016 Қаралым: 2 488 Саясат,  Әлемде
ПС КНБ РК
Фото: ПС КНБ РК

Астана. 21 желтоқсан. Ақпараттар орталығы. Қазақстан мен Қытай шекара қызметшілері терроризмге қатысы бар тұлғалар туралы ақпарат алмасуға келісті, деп хабарлады ҚР ҰҚК шекара қызметінің баспасөз қызметінен.

ҚР ҰҚК Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің Директоры генерал-майор Дархан Ділманов пен Орталық әскери кеңестің бас жұмылдыру басқармасы бастығының орынбасары, ҚХР мемлекеттік шекарасы және теңіз істері бойынша комитетінің бастығы генерал-майор Му Минбинмен болған кездесу барысында ынтымақтастық пен ведомствоаралық іс-әрекеттің болашағы талқыланды. 

«Қазақстан мен Қытай шекара ведомстволарының басшылары мемлекеттік шекарадағы қалыптасқан жағдайды, шекара күзетудің пәрменділігін арттыру туралы әңгіме қозғады», - делінген мәтінде.

Қазақстан мен Қытай делегацияларының басшылары халықаралық терроризм мен экстремизмге қарсы тұру, қаруды, террорлыққа арналған құралдарды заңсыз өткізуге және есірткі құралдарына тосқауыл қоюдың маңызды мәселелерін талқылады.

Қытайлық делегация өкілдері ҚР ҰҚК Шекара академиясының тыныс-тіршілігімен, болашақ ел шебін қорғаушы курсанттардың оқу процесінің ұйымдастырылуы жағымен танысты..

Кездесу барысында тараптар мемлекеттік шекараны күзетудегі бірлескен патрульдік шекаралық өкілдіктер аппаратының қызметін жоғары бағалады.

Тағы оқыңыз