26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Қазақстан үкіметінің жаңа құрамы жасақталды

13 қыркүйек 2016 Қаралым: 2 554 Саясат,  Назначения
newskaz.kz
Фото: newskaz.kz

Алматы. 13 қыркүйек. Ақпараттар орталығы.  Ақорда сайтында «Қазақстан Республикасы үкіметінің құрамы туралы» ҚР президентінің жарлығы жарияланды.   

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

Мыналар:

Ерлан Әбілфайызұлы Ыдырысов ‑ Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі;

Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымов ‑ Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі;

Дәурен Әскербекұлы Абаев ‑ Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі;

Ерлан Кенжеғалиұлы Сағадиев ‑ Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі;

Тамара Босымбекқызы Дүйсенова ‑ Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі;

Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек ‑ Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі;

Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов ‑ Қазақстан Республикасының Қаржы министрі;

Арыстанбек Мұхамедиұлы ‑ Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі;

Қуандық Уәлиханұлы Бишімбаев ‑ Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі;

Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев ‑ Қазақстан Республикасының Энергетика министрі болып тағайындалсын.

Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Тағы оқыңыз