26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Қазақстанда азық-түлік, тоқыма бұйымдары өнімдерінің өндірісі өсті

25 қазан 2016 Қаралым: 2 197 Экономика,  Бизнес
Қазақстанда азық-түлік, тоқыма бұйымдары өнімдерінің өндірісі өсті

Алматы. 25 қазан. Ақпараттар орталығы.  ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаевтың төрағалығымен өткізіліп жатқан Үкімет отырысы барысында биылғы жылдың 9 айындағы ҚР экономика салаларының ағымдағы жағдайы туралы айтты, деп хабарлады үкімет басшысының баспасөз қызметінен.   

 Министр ағымдағы жылдың 9 айында Қазақстандақұрылыс, ауыл шаруашылығы, көлік саласы мен өңдеуші өнеркәсіп салаларында оң серпіннің байқалатындығы туралы хабарлады. Сонлдай-ақ, азық-түлік, тоқыма бұйымдары мен фармацевтика өнімдерінің өндірісі өсті.

Ол сондай-ақ, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында өнеркәсіп өсімінің жоғарғы қарқыны байқалатындығын айтып өтті.

«Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің өсімі өсімдік шаруашылығы өнімдерінің өндірісін 7,0%-ға ұлғайту есебінен шамамен 5% құрады. Мал шаруашылығы өнімдерін шығару 2,5%-ға өсті. 11 қазандағы жағдай бойынша, 15,2 ц/га өнімділіктен 23,2 млн тонна астық бастырылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,4 ц/га-ға жоғары көрсеткіш. Құрылыс жұмыстарының көлемі тұрғын үй құрылысын ұлғайту есебінен 6,9%-ға артты. Ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйегінде тұрғын үйлерді пайдалануға беру Павлодар, Ақмола, Ақтөбе, Қызылорда облыстары мен Астана қаласындағы тұрғын үйлерді өткізудің айтарлықтай ұлғайған қарқыны есебінен 13,6%-ға өсті», – деді Қ.Бишімбаев.   

Тағы оқыңыз