26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Қазақстанда балаларға Youtube пен әлеуметтік желілерге кіруге шектеу енгізілуі мүмкін

2 мамыр 2017 Қаралым: 2 644 Саясат,  Қоғам
tlt.ru
Фото: tlt.ru

Алматы. 2 мамыр. Ақпараттар орталығы. Қазақстанда балаларға Youtube пен әлеуметтік желілерге кіруге шектеу енгізілуі мүмкін, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

"Қазіргі кезде байланыс операторларымен балаларға арналған пакеттерді әзірлеу қарастырылуда. Яғни бұл тұрғыда белгілі бір жас санатына қарай балаларға қолжетімді болатын ақпараттың «ақ тізімі» жасалады. Операторлар бұл тұжырымдаманы пысықтауда. Меніңше, жақын аралықта бұл бастаманы іске асырамыз", — деді ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі комитеті төрағасының орынбасары Михаил Комиссаров баланың дамуына зардап тигізетін ақпараттан қорғауды көздейтін заң жобасын таныстыру барысында депутаттар сауалына жауап берген кезде.

Оның сөзіне қарағанда, бұл пакет бүгінде жұмыс істеп тұрған «ата-аналар бақылауы» қызметінен бөлек іске қосылады.

"Бүгінде байланыс операторларымен бірге балаларға, мектеп оқушыларына арналған пакеттерді ұсынуды қарастырудамыз. Онда ақпарат тиісті деңгейде сүзгіден өтеді. Яғни, балалар пакетінде әлеуметтік желілер, Youtube болмауы тиіс деп пайымдаймыз немесе онда алдын ала балалар үшін тазартылған Kaztube қамтылуы тиіс. Бұл ретте жеткіншектерге лайықты білім беру мен ойын ресурстары ескеріледі»,-деді Комиссаров.

Дереккөз: МИА "Казинформ"

Тағы оқыңыз