26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Қазақстанда Балуан Шолақ туралы фильм түсіріледі

17 сәуір 2017 Қаралым: 2 698 Мәдениет
МКиС РК
Фото: МКиС РК

Алматы. 17 сәуір. Ақпараттар орталығы. Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы  Дулат Исабековтің сценарийі негізінде Балуан Шолақ туралы толықметрлі көркем фильм түсірмек,  деп хабарлады ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.  

Киносценарий М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында сахналанған «Жаужүрек» пьесасының желісі бойынша жазылған.  

Қазіргі таңда түсірілім тобы толықтай жасақталған. Дайындық кезеңінде тұрған түсірілім фильмге қажетті киімдерді тігіп, реквизиттер әзірлеп, декорациялар түрғызып жатыр. Фильмнің түсірілімдері Алматы облысы және Солтүстік Қазақстан облысында өтеді.

Фильмнің режиссері Нұргелді Садығұлов. Оның айтуынша бұл жобаны жүзеге асыруды көптен бері армандаған..

"Мен Балуан Шолақ тұлғасына 1998 жылы Т.Жүргенов атындағы өнер академиясында оқып жүргенімде қатты қызықтым. Сол кезден бастап осы кісі жайлы фильм түсіргім келді. Балуан Шолақтың бойында ақындық, серілік, әншілік және алып қара күш те бар. Оның еліне, жеріне, отанға деген махаббаты әрқайсымызға үлгі боларлық. Менің ойымша бүгінгінің жастары Балуан Шолақтай ерді білуі тиіс» - деді фильмнің режиссері Нұргелді Садығұлов.

Фильмнің сценариі бірнеше жыл бойы жазылған және қайта өңделген. Түсірілім тобы фильмнің сапалы шығуы мақсатында кеңесшілерді тартқан. Олардың қатарында: көркемдік жетекшісі С.Нарымбетов, көркемдік кеңесшілері Е.Төлеутай, Б.Ыстыбаев, Б.Беделхандар бар. 

Фильмге танымал актерлермен қатар экранға алғаш шығып жатқан актерлер де түсетін болады. 

"Актерлер іріктелді. Алайда бас кейіпкерді әзір айта алмаймын. Себебі екі актердің арасында таңдау үстіндемін", – деді режиссёр. 

 

Тағы оқыңыз