29 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Қазақстанда екінші және үшінші санаттағы жолдар жеңіл автокөліктер үшін тегін болады – ИДМ

12 маусым 2017 Қаралым: 2 700 Авто,  Көлік
Қазақстанда екінші және үшінші санаттағы жолдар жеңіл автокөліктер үшін тегін болады – ИДМ

Астана. 12 маусым. Ақпараттар орталығы. Қазақстанда екінші және үшінші санаттағы жолдар жеңіл автокөліктер үшін тегін болады, деп мәлім етті ҚР инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек.

«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында біз 7 мың шақырым жолды шамамен 2021-2022 жылдары ақылы қылуды жоспарлаудамыз. Бұл ең көп жүретін учаскелер. Бірақ, бірінші санатты емес жолдарға, мәселен танымал Щучинск автобаны секілді, немесе алты жолақты емес жолдарда, яғни екінші және үшінші санаттыларда біз жеңіл көліктер үшін ақы енгізуді жоспарлап отырған жоқпыз. Яғни тек жүк көлігі үшін ақы енгізіледі» - деді Ж.Касымбек дүйсенбіде халықпен есепті кездесуі барысында.

Дереккөз: КазТАГ

Тағы оқыңыз