• USD/KZT
    0.0
  • EUR/KZT
    0.0
  • RUB/KZT
    0.0
  • CNY/KZT
    0.0

Қазақстандықтар бұдан былай Шымкент әуежайында цифрлық жеке куәлігін пайдалана алады

Фото:ҚазАқпарат

Алматы. 10 қыркүйек. Ақпараттар орталығы - Еліміздің азаматтары Шымкент әуежайында цифрлық жеке куәлігін пайдалана алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шымкент қаласының әуежайында жеке деректерді растау үшін eGov Mobile қосымшасы арқылы цифрлық жеке куәлікті пайдалануға болады. Бұған дейін мұндай қызмет Нұр-Сұлтан, Алматы және Ақтөбе қалаларының әуежайларында қолжетімді болатын. Әуежайда цифрлық жеке куәлікті пайдалану үшін eGov mobile қосымшасында авторландырылған пайдаланушы «Цифрлық құжаттар» бөліміне кіріп, тізімнен жеке куәлікті таңдау қажет. Әуежайдың тіркеу бөлімінде, сондай-ақ ұшу алдындағы тексеруден өту кезінде сервисте жасалған QR-коды бар смартфонның экранын көрсету қажет. Ішкі рейстерде цифрлық жеке куәлікті пайдалану мүмкіндігі ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ, отандық әуе компаниялары мен әуежайларының және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ жүйелерді интеграциялау бойынша бірлескен күш-жігерінің нәтижесінде пайда болды. Цифрлық құжаттар қызметі пилоттық режимде жұмыс істейді және әзірге Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе және Шымкент қалалары арасында қолжетімді. Осы әуежайлар қызметін пайдалануды жоспарлап отырған жолаушылардың пилоттық жоба кезінде жеке куәлігінің түпнұсқасын да өзімен бірге алып жүргені жөн болады.



Источник: ҚазАқпарат

ru С Новым годом!

ru В Казахстане запускается система маркирования древесины

ru Утверждена региональная квота приема кандасов и переселенцев на 2026 год

ru На площади Абая пройдет двухдневный праздничный концерт «Кел, жаңа жыл!»

ru Гололед на дорогах: МВД обратилось к казахстанцам

ru В Алматинской области закуплено 490 единиц сельхозтехники

ru В Караганде ищут идеи для роботов-спасателей

ru Чем в Казахстане заменяют соль на дорогах

ru На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в

ru В Алматы стартует проект беспилотной доставки

ru В Астане стартует проект беспилотного такси

ru Более 700 астанчан приняли участие в новогоднем забеге

ru Президент утвердил концепцию развития АНК до 2030 года

ru На что тратят бюджетные деньги в Карагандинской области

ru Карагандинский стартап 4SELL.ai намерен покорить рынки ОАЭ и США

ru Более 1 370 проверок провели социнспекторы с начала года

ru Сенат одобрил поправки об усилении правовой защиты медицинских работников

ru АФМ выявлена схема хищения имущества АО «Qarmet» на 1,8 млрд

ru В Алматы установлены тактильные модели ключевых туристических объектов

ru В Астане с начала зимнего периода вывезено более 1 млн

ru Полиция выявила кражу ели в Акмолинской области

ru Глава государства ознакомился с деятельностью фармацевтических предприятий Жамбылской области

ru Пресечена схема незаконного завладения квартирами общей стоимостью в 2,3 млрд

ru Более 14,8 тыс. этнических казахов получили статус кандаса с начала

ru В этом году в Казахстане появились три новые СЭЗ

ru В Министерстве культуры и информации обсудили итоги работы с обращениями

ru Валовый выпуск продукции сельского хозяйства увеличился на 6,1%

ru Экспортный потенциал и новые рынки: Казахстан увеличил поставки зерна за

ru Корректировка Генплана Алматы учитывает развитие агломерации

ru Токаев поддержал идею двухуровневой дороге по пр.Кабанбай батыра в Астане