29 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Қазақстандықтар отандық телеарналарда танымдық телехабарлар жеткіліксіздігіне шағымдануда

9 ақпан 2017 Қаралым: 2 473 Мәдениет,  Қоғам
ortcom.kz
Фото: ortcom.kz

Астана. 9 ақпан. Ақпараттар орталығы. Қазақстандық көрермендер өз елі туралы танымдық хабарлардың жеткіліксіздігіне наразы, деп мәлім етті ҚР ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев. Бұл туралы ҚазТАГ хабарлады.

«Біз жүргізген әлеуметтік сауалнама нәтижесі бойынша, халық жарнаманың көптігіне, өңірлік контенттің жоқтығына, Қазақстан туралы танымдық хабардың жеткіліксіздігіне және қазақстандық телеарналардағы журналистердің кәсіби деңгейінің төмендігіне наразы», - деді Д. Абаев бейсенбі күні 2016 жыл қорытындысына арналған министрліктің кеңейтілген коллегиясының отырысында.

Бұл ретте ол телеарналардың жетекшілеріне осы олқылықтардың орнын толтыруға кеңес берді.

«Біздің телеарналар көрермен назарын өздеріне тарту үшін қажет шаралар жүргізіп, олқылықтарды жою бағытында жұмыс жасауы керек», - деді ол.

Сондай-ақ ол министрліктің ағымдағы жылға арналған бағдарламасы туралы айтып берді. Д. Абаевтың айтуынша, биыл 244 радиотелевизиялық станса салу және іске қосуы жоспарлануда.

«Министрлік цифрлық телехабарлар таратуды енгізу шараларын жүргізуде. Бүгінге 2,4 млн адам онымен қамтылған. Қазір «Қазтелерадио» басшылығының үйлесімсіз әрекетінің және процедураларды созуы себебінен біз құрылыс кестесінен едәуір қалып келеміз. 2018 жылы біз ел халқының 95%-ын цифрлық телехабарлармен қамтамасыз етуіміз керек», - деді министр.

Дереккөз: КазТАГ

Тағы оқыңыз