29 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

«Қазгидромет» ауасы лас Қазақстан қалаларын атады

24 ақпан 2017 Қаралым: 2 286 Қоғам
ictsd.org
Фото: ictsd.org

Алматы. 24 ақпан. Ақпараттар орталығы. «Қазгидромет» республикалық мемкәсіпорны 2016 жылға арналған экологиялық мониторинг қорытындысын шығарды, деп хабарлады РМК баспасөз қызметінен. 

Бір жыл ішінде 46 елді-мекенде мониторинг жүргізілді, олардың 27 елді-мекені ластанудың төменгі деңгейіне, 10 елді-мекен ауа ластану деңгейінің көтеріңкі класына және 9 елді-мекен жоғары деңгей класына жатқызылды.

Сонымен ластанудың жоғары деңгейдегі қалалары: Алматы, Астана, Ақтөбе, Балқаш, Жезқазған, Теміртау, Қарағанды, Шымкент және Ақай ауылы.

Ластанудың көтеріңкі деңгейіндегі қалалар: Жаңатас, Өскемен, Риддер, Қызылорда, Тараз, Семей, Шу, Петропавл және Глубокое, Бейнеу елді-мекендері.

Ластанудың төменгі деңгейіндегі қалалар: Түркістан Талдықорған, Степногорск, Ақсай, Көкшетау, Құлсары, Саран, Кентау, Ақсу, Жаңаөзен, Зырян, Рудный, Екібастұз, Қостанай, Павлодар, Орал, Ақтау, Атырау, Қаратау және Березовка, Январцево, Қордай Төретам, Қарабалық елді-мекендері мен Щучинск-Бурабай курорттық аймағы.

"Қазіргі уақытта атмосфералық ауа жай-күйіне бақылау 46 елді-мекендегі  140 бақылау бекетінде,  соның ішінде 56 сынамаларды қолмен іріктеу бекетінде және 84 автоматты бекетте жүргізіледі", — делінген хабарда.

Ауа райы қызметінде атап өктендей, 2015 жылмен салыстырғанда  атмосфералық ауа ластануының деңгейі Ақсай, Екібастұз, Степногорск, Риддер және Өскемен қалаларында төмендеп, оң динамикасы бар.

Жеті қалада: Ақтөбе, Астана, Балқаш, Петропавл, Шу, Қызылорда, Жаңатас және Ақай ауылында атмосфералық ауа ластануының деңгейі 2015 жылмен салыстырғанда өсті.

Басқа елді-мекендерде  ластану деңгейі 2015 жылғы деңгейде қалды.

2016 жыл бойы атмосфералық ауаның жоғары ластануының (ЖЛ) 2828 жағдайы және төтенше жоғары ластанудың (ТЖЛ) 550 жағдайы мына қалаларда:  Ақтөбе, Балхаш, Қарағанды, Петропавл, Теміртау.

"Тіркелген ТЖЛ мен ЖЛ әрбір жағдайында, қажетті шаралар қолдану үшін ҚР Энергетика министрлігі хабардар етілді.  ҚР ЭМ Экологиялық реттеу және бақылау комитетімен себептері анықталып, шаралар қабылданды", — деді «Қазгидрометте»".

Например, Петропавл қаласында атмосфералық ауаның күкіртті сутегімен ластану көзі, «Қызылжар су»  ЖШС теңгерімінде тұрған, «Биопруд» сарқынды сулар жинақтаушысы болып табылатындығы анықталды. Балқаш қ. атмосфералық ауасының бір реттік ластануының себебі қала канализациясының ағынды сулары, ал жаз айларында - жануарлар қалдықтарының шіруі болып табылады. Қарағанды қ. автотұрақ,  қоймалар және  тұрғын үйлер орналасқан,  станция ауданында артулар тіркелген.

Жүргізілген радиациялық мониторинг бойынша радиациялық гамма-аяның орташа мәндері мен Қазақстан Республикасы елді-мекендері бойынша атмосфераның жерге жақын қабатының радиоактивті түсімдерінің орташа тәуліктік тығыздығы шекті-рұқсат етілген деңгейден аспаған.

Тағы оқыңыз