Қазпошта ҚР ҰОК 25 жылдығына марка шығарды
Алматы. 2 наурыз. Ақпараттар орталығы. «Қазпошта» АҚ «Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық Комитетіне 25 жыл» тақырыбындағы «Ұмытылмас және мерейтойлық даталар» сериясының пошталық маркасын басып шығарды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.
Марка өлшемі 28 х 40 мм. Маркада ультракүлгін бояу қорғаныс элементтері қолданылды. Пошта маркасының номиналы 100 теңге. Таралымы 7504 дана.
"Спортшыл қоғамның атынан, еліміздегі олимпизмнің дамуына қосқан үлесіңіз үшін алғысымызды білдіреміз" — деп ҚР Ұлттық Олимпиада Комитетінің бас хатшысы Данияр Абулгазин алғысын жеткізді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық Комитетi 1990 жылдың 3 ақпанында ұйымдастырылған және 1992 жылы Халықаралық Олимпиадалық Комитетінің құрметіне ие болды. ҚР ҰОК миссиясы Қазақстан Республикасы аймағында Олимпияда қозғалысын дамыту және қорғау болып табылады.


