«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Жамбыл өндірістік филиалы: қыстың қамын жаз ойла
05 Июля 2022
1147
Социум
Алматы. 5 шілде. Ақпараттар орталығы - «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Жамбыл өндірістік филиалы алдағы жылыту маусымына нысандарды дайындау жұмыстарын қарқынды жүргізуде. Алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық өткен жылыту маусымы аяқтала сала басталды, бұл жұмыстар «QazaqGaz» ҰК» АҚ басшылығының ерекше бақылауында.
Қазіргі уақытта филиал 3 493 шақырым жерасты газ құбырлары мен 2 948 шақырым жер үсті газ құбырларының қалыпты жұмыс істеуін тұрақты бақылап отыр.

Газ құбырлары мен ондағы жабдықтарды жөндеу-алдын алу жұмыстары кестеден оза отырып, бүгінде қыс маусымына дайындық 56% орындалды. Бүгінгі таңда облыс бойынша 194 газ тарату пунктінің 132-сі, 1264 шкафтық газ реттеу пункттерінің 611-і жөнделді. Жерасты газ құбырларының электрохимиялық қорғанысының тиімділігі жіті тексерілуде. Бұл күрделі жұмыс та кестеден бұрын аяқталып келеді.
«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Жамбыл өндірістік филиалының директоры Қанат Ордабаевтың айтуынша, жер үстіндегі және жерасты желілерінің тұтастығын тексеру және жөндеу, газ құбырларындағы жабдықтың жай-күйін зерттеу мен ауыстыру жұмыстары кезінде кей жерлерде, кестеге сәйкес, абоненттерді газбен жабдықтау уақытша тоқтатылады.
- Бұл сағаттарда үйде болу және күнделікті өмірде газ тұтынатын жабдықты пайдалану кезінде барлық қауіпсіздік талаптарын орындау өте маңызды. Өйткені, табиғи газ – үйге жылу мен жайлылық әкелетін игілік қана емес, сонымен қатар, жоғары қауіп көзі екенін ұмытпау керек, - деп ескертті Қ.Ордабаев.

Газды және газ жабдықтарын пайдаланған кезде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажеттігін ұдайы еске салатын газ мамандары арнайы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қауіпсіздік жөніндегі үнпарақтарды халыққа тоқтаусыз таратуда.
Жаз бойы жүргізілетін осындай дайындық жұмыстары алдағы жылыту маусымын лайықты өткізуге, Тараз қаласы мен Жамбыл облысының тұтынушыларын газбен қауіпсіз әрі тұрақты қамтамасыз етуге бағытталған.
Осылайша «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Жамбыл өндірістік филиалының мамандары өз міндеттерінің адамдарға жылулық пен қуаныш сыйлап, елдің әл-ауқатына үлес қосу екенін дәлелдеп келеді.
ru Займы под 120% годовых: дело о незаконном кредитовании передано в
ru Выставка тепличных технологий Grow Expo Astana 2026 пройдет 8-10 апреля
ru Жаркентская мечеть включена в предварительный список Всемирного наследия ЮНЕСКО
ru В Минтруда обсудили новые механизмы трудоустройства лиц с инвалидностью
ru Схема обмана студентов через соцсети раскрыта в Шымкенте
ru В Акорде состоялась церемония встречи Президента Сербии
ru Мобильный ЦОН: сколько услуг казахстанцы получают через приложение
ru Подростки с особыми потребностями осваивают профессию кондитера в Карагандинской области
ru КНБ ликвидировал канал контрабанды наркотиков
ru Охлажденное мясо птицы можно будет хранить в 3 раза дольше
ru Солдат Национальной гвардии разработал цифровой портал для военнослужащих
ru Учащиеся 0-9 классов второй смены переведены на дистанционный формат обучения
ru Пенсионерка едва не лишилась более 2 млн тенге в Павлодаре
ru Строительство нового завода Coca-Cola Içecek в Актобе планируется начать в
ru Один из крупнейших бизнесменов Польши построит фармзавод в Шымкенте
ru Стартует прием заявок на премию Президента Республики Казахстан «Алтын Сапа»
ru Президент Сербии Александр Вучич посетит Астану 26-27 февраля
ru Глава государства направил поздравительную телеграмму Эмиру Кувейта
ru МТСЗН РК опровергло фейк о ежегодном отпуске
ru В Алматы открылась юбилейная выставка о мастерах кино
ru В Астане вынесен приговор интернет-мошеннице
ru Олжас Бектенов о выделении 1 трлн тенге на посевную кампанию
ru Олжас Бектенов поручил упростить и оцифровать процедуру льготного кредитного финансирования
ru В Казахстане продолжается подготовка к паводковому периоду
ru В Алматы продолжают расширять фонд студенческих общежитий
ru Почти 3000 га сельхозземель возвращены в госсобственность в Туркестанской области
ru Марихуана в особо крупном размере изъята в ВКО
ru Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров «Самрук-Қазына»
ru Из Турции экстрадирован подозреваемый в серийном мошенничестве
ru Спасатели МЧС оказали помощь 13 гражданам, оказавшимся в снежном заносе

+77772555856
Написать нам




