ҚазТрансГаздың экологияны жақсартуға қосқан үлесі жоғары бағаланды
01 Июля 2021
1658
Экология
Фото:«ҚазТрансГаз» АҚ
Алматы. 1 шілде - Ақпараттар орталығы - Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) кезекті жиынында тұрақты даму саласындағы қызметі үшін бірқатар жеңімпаздарды марапаттады, деп хабарлайды «ҚазТрансГаз» АҚ.
ЕҚДБ-нің биылғы алтын, күміс және қола жүлделері экология мен әлеуметтік бағытты қамтыған түрлі санаттағы аталымдар бойынша 21 компанияның өкілдеріне табыс етілді. «Көмір қышқыл газының шығындыларын азайтудағы жетістіктері үшін» алтын медалін еліміздің ұлттық операторы «ҚазТрансГаз» АҚ жеңіп алды.
Отандық газ компаниясы ЕҚДБ-мен 2016 жылы ынтымақтастық орнатты. Сол жылы банк газ инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталған инвестициялық жобаларды қаржыландыруды бастады. Ұлттық оператордың еншілес компаниялары - "Интергаз Орталық Азия" АҚ мен "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ банкпен шарт жасасты.
5 жыл ішінде ЕҚДБ арадағы қарым-қатынас нәтижесінде қыруар жұмыс атқарылды. "Бозой" жерасты газ қоймасы жаңартылып, Қазақстанның оңтүстік өңірлеріне жеткізілетін газ көлемі ұлғайды және екі ірі қала - Алматы мен Шымкенттегі ауаға тарайтын зиянды заттар көлемі айтарлықтай азайды.
Инвестициялық жобаларды іске асыру аясында Маңғыстау облысында 104 км жаңа газ құбырлары салынып, 533 км құбыр жаңғыртылды, 28 газ реттеу пункті, 17 шкафты газ реттегіш, 4 автоматты газ тарату станциясы ауыстырылып, жаңадан орнатылды.
Ақтөбе облысында қуаттылығы сағатына 300 мың текше метр АГТС-300 жаңа автоматты газ тарату станциясының құрылысы ішінара қаржыландырылды, ол бүгінгі күні Қазақстан Республикасындағы ең қуатты станция саналады.
Қостанай облысында 4 ауыл мен Рудный қаласы газдандырылды, 35,6 км жаңа газ құбыры салынды, 7 газ реттеу пункті, 2 шкафты газ реттегіш орнатылды. Сағатына 30 мың текше метр автоматты газ тарату станциясын орнату арқылы ұзындығы 132 км Тобыл кенті – Әулиекөл ауылының жоғары қысымды газ құбырының құрылысы ішінара қаржыландырылды.
Газ мамандары ЕҚДБ-мен арадағы ынтымақтастықты жалғастыра отырып, 2060 жылға қарай Қазақстандағы ауаға тарайтын көміртегі көлемін барынша азайтуға қол жеткізілетініне сенім білдірді.
ru Конституционный Суд и Офис ОБСЕ обсудили совместные инициативы на 2026
ru Дархан Сатыбалды провел встречу с инвесторами и предпринимателями Алматы
ru Более полумиллиарда тенге ущерба возмещено по делу в сфере образования
ru МВД предупредило о схеме удаленного доступа к смартфонам через вредоносные
ru Реконструкция вокзалов Жанакорган, Шиели и Казалы приближается к завершению
ru Президент США охарактеризовал Казахстан как прекрасную и богатую страну
ru Более 102 тыс. вакансий размещено на Электронной бирже труда с
ru Аграрии Жамбылской области готовятся к посевной
ru Полиция пресекла факт незаконного оборота мефедрона в Алматы
ru Международный аэропорт Семей привлечен к административной ответственности
ru В столице представили редкие рукописи VIII–XIX веков
ru Касым-Жомарт Токаев поздравил верующих с началом месяца Рамазан
ru 14,3 млрд кубометров составляет свободная емкость в водохранилищах Казахстана для
ru С начала года казахстанцам выплачено пенсий на сумму более 395
ru Канал сбыта наркотиков каннабисной группы пресечен в Жамбылской области
ru Спасатели МЧС предотвратили взрыв в жилом доме
ru Более 40% всех ПИИ — вклад Алматы
ru Деятельность незаконного онлайн-казино расследует АФМ в Мангистауской области
ru Импульс на рынке труда: в Алатау в Алматинской области предложены
ru Школьники задержаны за «телефонное» хулиганство в Алматы
ru Ликвидированы подпольные цеха по производству снюса в Туркестанской области
ru $400 млрд к 2029 году составят инвестиции в промышленный каркас
ru Президент направил телеграмму поздравления Генеральному секретарю ЦК Компартии Вьетнама
ru Глава государства направил поздравительную телеграмму Председателю КНР
ru Опознанное тело оказалось чужим: суд отменил запись о смерти
ru Запущен проект по обеспечению сёл высокоскоростным интернетом
ru В КазНУ открылся казахстанско-сингапурский центр квантовых технологий
ru Около 1 700 единиц спецтехники задействовано в снегоуборочных работах в
ru В 2026 году в Казахстане ведется строительство 90 новых школ
ru В Алматы завершена пробивка тоннелей до новой станции метро

+77772555856
Написать нам




