Қорғаныс министрлігі шекара маңындағы қазақстандық әскерилердің дайындығын тексеруде
21 Апреля 2016
1612
Қорғанысминистрлігі,
шекара,
әскерилер,
дайындық
Алматы. 21 сәуір. Ақпараттар орталығы. Қазақстанның батысында шекара маңындағы жеке құрамды жауынгерлік шыңдау, дене даярлығы мен төзімділігін бекіту және алыс қашықтыққа әскерді жеткізу дайындығын нығайтуға бағытталған «Қаратау-2016» ауқымды оқу-жаттығуы өтуде, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігі.
Хабарланғандай, ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Н. Назарбаевтың тапсырмасымен 18-24 сәуір аралығында «Батыс» өңірлік қолбасшылығында әскерлердің ауқымды оқу-жаттығуы өтуде. Әскери жаттығу Маңғыстау, Атырау, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарының аумағында өтіп жатыр.
Бүгін қорғаныс ведомствосының басшысы Иманғали Тасмағамбетов «Батыс» және «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскерлері, 25744, 86717, 30238, 75488 әскери бөлімдерінің, сондай-ақ, ҰҚК Шекара қызметі және ҚР ІІМ Ұлттық гвардия әскери қызметшілерінің қатысуымен өтіп жатқан «Қаратау-2016» оқу-жаттығуының барысын бақылады.
«Қаратау-2016» оқу-жаттығуы жоспар бойынша әскери бөлімдер мен басқару органдарын жауынгерлік даярлықтың жоғары дәрежесіне келтіру және ауқымды әскери операциялар өткізуге жағдай жасаудан басталды. Екінші және үшінші кезеңде әскери бөлімдер мен құрылымдар бірлескен оқу-тактикалық шараларды дайындап, өткізуге атсалысады», - делінген министрліктің хабарламасында.
Аталып өткендей, бұл жаттығулар «Батыс» өңірлік қолбасшылығының бөлімдері мен құрылымдарының, басқару органдарының ауқымды әскери операцияларды жүргізудегі шынайы даярлығын бағалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл ҰҚК Шекара қызметі және ҚР ІІМ Ұлттық гвардия сияқты әскери құрылымдардың бірлескен әрекетін жетілдіру мен бақылауды күшейту үшін қажет екенін атап өткен жөн.
Осындай жаттығулар жеке құрамды жауынгерлік шыңдау, дене даярлығы мен төзімділігін бекіту және алыс қашықтыққа әскерді жеткізу дайындығын нығайтуға бағытталады.
«Қаратау-2016» оқу-жаттығуына 7 000-нан аса әскери қызметші қатысуда. Жалпы саны 2500-ге жуық қару-жарақ пен әскери техника, оның ішінде 70-тен аса ҚР ҚК ӘҚК және ҚР Шекара қызметінің әуе техникасы тартылған.
Оставлять комментарии могут только авторизованные пользователи. Авторизируйтесь или зарегистрируйтесь чтобы оставить комментарии.
ru Займы под 120% годовых: дело о незаконном кредитовании передано в
ru Выставка тепличных технологий Grow Expo Astana 2026 пройдет 8-10 апреля
ru Жаркентская мечеть включена в предварительный список Всемирного наследия ЮНЕСКО
ru В Минтруда обсудили новые механизмы трудоустройства лиц с инвалидностью
ru Схема обмана студентов через соцсети раскрыта в Шымкенте
ru В Акорде состоялась церемония встречи Президента Сербии
ru Мобильный ЦОН: сколько услуг казахстанцы получают через приложение
ru Подростки с особыми потребностями осваивают профессию кондитера в Карагандинской области
ru КНБ ликвидировал канал контрабанды наркотиков
ru Охлажденное мясо птицы можно будет хранить в 3 раза дольше
ru Солдат Национальной гвардии разработал цифровой портал для военнослужащих
ru Учащиеся 0-9 классов второй смены переведены на дистанционный формат обучения
ru Пенсионерка едва не лишилась более 2 млн тенге в Павлодаре
ru Строительство нового завода Coca-Cola Içecek в Актобе планируется начать в
ru Один из крупнейших бизнесменов Польши построит фармзавод в Шымкенте
ru Стартует прием заявок на премию Президента Республики Казахстан «Алтын Сапа»
ru Президент Сербии Александр Вучич посетит Астану 26-27 февраля
ru Глава государства направил поздравительную телеграмму Эмиру Кувейта
ru МТСЗН РК опровергло фейк о ежегодном отпуске
ru В Алматы открылась юбилейная выставка о мастерах кино
ru В Астане вынесен приговор интернет-мошеннице
ru Олжас Бектенов о выделении 1 трлн тенге на посевную кампанию
ru Олжас Бектенов поручил упростить и оцифровать процедуру льготного кредитного финансирования
ru В Казахстане продолжается подготовка к паводковому периоду
ru В Алматы продолжают расширять фонд студенческих общежитий
ru Почти 3000 га сельхозземель возвращены в госсобственность в Туркестанской области
ru Марихуана в особо крупном размере изъята в ВКО
ru Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров «Самрук-Қазына»
ru Из Турции экстрадирован подозреваемый в серийном мошенничестве
ru Спасатели МЧС оказали помощь 13 гражданам, оказавшимся в снежном заносе

+77772555856
Написать нам




