• USD/KZT
    0.0
  • EUR/KZT
    0.0
  • RUB/KZT
    0.0
  • CNY/KZT
    0.0

Қостанайда картоп мен сәбіз арзан бағада сатылып жатыр

Алматы. 2 шілде - Ақпараттар орталығы - Қостанайда картоп 157, ал сәбіз 135 теңгеден сатылып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ арзан көкөніс бір адамға екі келіден артық берілмейді. Әлеуметтік дүкендер желісі осындай шектеу қойып отыр. Осылайша, жергілікті билік бағаны негізсіз өсіретін алып-сатарлардың жолын кесуге ынталы. Себебі, арзан әлеуметтік азық-түлікті делдалдар көптеп сатып алатын көрінеді. Құнын да қасақана шарықтатып жібереді екен. Әлеуметтік сау орындарындағы сәбіз базардағы бағадан төрт есеге, ал картоп екі есеге арзан. Мұндай бағаны қалалық әкімдік бекіткен. Бірақ алып-сатарлардың кінәсінен арзан көкөніс тез таусылып, сөрелер жиі бос қалады.

Илона Тимошенко, қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы: - Картоп пен сәбізді осы жерден сатып алып, сыртта 3 есе қымбат бағаға сатып жүргендер бар. Мұндай алып-сатарлардың жолын кесу мүмкін емес. Тек сауда орындарына әлеуметтік маңызы бар тауарларды сатуға шектеу қою туралы ұсыныс жасадық. Сонда азық-түліктен тапшылық туындамай, бәріне де аз-аздап болса да жететін шығар деп ойлаймыз.

Картоп пен сәбізді арзандату үшін сауда орындары мен «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арасында келісімшарт жасалған. Осының нәтижесінде дүкендер жеңілдетілген несиеге қол жеткізіп отыр. Енді билік үш айға бекіткен бағаны ұстап тұруы шарт.

Ботагөз Көшембаева, сауда желісінің әкімшісі: - Біз әлеуметтік маңызы азық-түлік тауарының 16 түрін қамтамасыз етеміз. Біреуінен аздап пайда тапсақ, енді бірінен шығынға батуға мәжбүрміз. Өткен айда шығынымыз 8 млн теңгеге жетті. Амал жоқ. Бізге қойылған шарт осындай. Сәбізді 550 теңгеден алып, 157 теңгеден сатып жатырмыз. Кейбіреулер арбаны толтырып тиеп алып кетеді. Сондықтан бір адамға екі келіден артық сатпайтын болдық.

Қазір облыстың тұрақтандыру қорында 300 миллион теңгеге бағаланған азық-түліктің 12 түрі бар. Өз кезегінде көкөніс бағасы жақын күндері тұрақталады деп отыр билік. Бұған қоса, аймаққа еліміздің оңтүстік өңірінен күнделікті 200 тонна көкөніс жеткізіледі.

Источник: Хабар 24

ru Мобильный ЦОН: сколько услуг казахстанцы получают через приложение

ru Подростки с особыми потребностями осваивают профессию кондитера в Карагандинской области

ru КНБ ликвидировал канал контрабанды наркотиков

ru Охлажденное мясо птицы можно будет хранить в 3 раза дольше

ru Солдат Национальной гвардии разработал цифровой портал для военнослужащих

ru Учащиеся 0-9 классов второй смены переведены на дистанционный формат обучения

ru Пенсионерка едва не лишилась более 2 млн тенге в Павлодаре

ru Строительство нового завода Coca-Cola Içecek в Актобе планируется начать в

ru Один из крупнейших бизнесменов Польши построит фармзавод в Шымкенте

ru Стартует прием заявок на премию Президента Республики Казахстан «Алтын Сапа»

ru Президент Сербии Александр Вучич посетит Астану 26-27 февраля

ru Глава государства направил поздравительную телеграмму Эмиру Кувейта

ru МТСЗН РК опровергло фейк о ежегодном отпуске

ru В Алматы открылась юбилейная выставка о мастерах кино

ru В Астане вынесен приговор интернет-мошеннице

ru Олжас Бектенов о выделении 1 трлн тенге на посевную кампанию

ru Олжас Бектенов поручил упростить и оцифровать процедуру льготного кредитного финансирования

ru В Казахстане продолжается подготовка к паводковому периоду

ru В Алматы продолжают расширять фонд студенческих общежитий

ru Почти 3000 га сельхозземель возвращены в госсобственность в Туркестанской области

ru Марихуана в особо крупном размере изъята в ВКО

ru Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров «Самрук-Қазына»

ru Из Турции экстрадирован подозреваемый в серийном мошенничестве

ru Спасатели МЧС оказали помощь 13 гражданам, оказавшимся в снежном заносе

ru Конституционный Суд и Офис ОБСЕ обсудили совместные инициативы на 2026

ru Дархан Сатыбалды провел встречу с инвесторами и предпринимателями Алматы

ru Более полумиллиарда тенге ущерба возмещено по делу в сфере образования

ru МВД предупредило о схеме удаленного доступа к смартфонам через вредоносные

ru Реконструкция вокзалов Жанакорган, Шиели и Казалы приближается к завершению

ru Президент США охарактеризовал Казахстан как прекрасную и богатую страну