ҚР ақпарат және коммуникация вице-министрі тағайындалды
Алматы. 18 мамыр. Ақпараттар орталығы.
Қазақстанның ақпарат және коммуникация вице-министрі болып Қайрат Балықбаев тағайындалды, делінген ҚР
премьер-министрінің ресми сайтында.
"ҚР Үкіметінің Қаулысымен Балықбаев Қайрат Тәкірұлы
Қазақстан Республикасының ақпарат және коммуникациялар вице-министрі болып
тағайындалды", - делінген хабарда.
35 жасар Қ. Т. Балықбаев ҚР
Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне тағайындалғанға дейін «ҚМГ
Глобал Солюшнс Би. Ви.» КЖШБ бас директорының орынбасары қызметінде
болған. Бұған дейін ол коммерциялық және ұлттық компанияларда түрлі
қызметтерді атқарған.
Дереккөз: Официальный сайт премьер-министра РК


