26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

ҚР ҚК Әскери-теңіз күштері мерзімді қызметтегі әскери қызметшілермен толығады

2 қыркүйек 2016 Қаралым: 2 474 Саясат,  Құқық
ҚР ҚК Әскери-теңіз күштері мерзімді қызметтегі әскери қызметшілермен толығады

Алматы. 2 қыркүйек. Ақпараттар орталығы. ҚР ҚК Әскери-теңіз күштері мерзімді қызметтегі әскери қызметшілермен толығады. Қазақстанның Әскери-теңіз күштері құрылғаннан бері алғаш рет 60 әскери қызметші санында мерзімді қызметтегі матростарды іріктеу жүзеге асырылуда, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.    

2012 жылы ӘТК 10 сарбазбен, 2013 жылы ҚР ҚК ӘТК үшін  20 матроспен толықты. Осы жылдың толығуы ең көп санды болады деп күтілуде.

«Қазақстанның Әскери-теңіз күштері құрылған кезден бастап мерзімді қызметке іріктеу алғаш рет 2012 жылы жүзеге асырылған болатын. Бүл жас матростарды қабылдап, оларға әскери-теңіз ісін оқып-үйреткеніміздегі ӘТК үшін бастапқы тәжірибе болды. Өйткені, теңізші болу оңай емес, алайда, құрметті іс», - деді ҚР ҚК ӘТК бас қолбасшысының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары 1-дәрежелі капитан Серік Борамбаев.

Баспасөз қызметінде еске салғандай, ҚР ҚК Әскери-теңіз күштеріне әрі қарай қызмет өткеру үшін Қытай, Ресей және Қазақстанның жоғары оқу орындарын тәмамдаған 12 жас лейтенант келген. Офицерлермен өміршеңдік үшін «Оймаша» полигонында, яхта клубта және оқу-жаттықтыру станцияларында теориялық және практикалық сабақтар өткізілді. 

Тағы оқыңыз