Қызылорда облысына газ қашан келеді?
24 Сентября 2021
1711
Социум
Алматы. 24 қыркүйек. Ақпараттар орталығы - Байқоңыр қаласына осыдан 4 жыл бұрын табиғи газ берілген еді. Содан бері жұлдызды қалашықтықтың іргесіндегі Төретам және Ақай ауылдарының тұрғындары да көп ұзамай көгілдір отынның игілігін көреміз деп қуанған, деп хабарлайды Хабар 24.
Алайда 14 мыңдай тұрғыны бар қос елді мекенге әлі күнге дейін газ құбыры тартылмаған. Төретам кентіндегі мына көппәтерлі үйлердің іргетасының қаланғанына 50 жылдай уақыт өткен. Орталық жылу жүйесі істен шыққандықтан, әр пәтерде ошақ пеш бар. Үй тұрғындары қауіпті болса да, қақаған қыста қара күйе мұржалардан түтін будақтатып, көмір жағып жылынады екен.
Алмабек Орақбаев, Төретам кентінің тұрғыны: – Амал жоқ, қыстайды. Көмірді қаптап алады. Түтіннің балаларға қауіптілігі тимесе дейміз. Бізге газды жалғап берсе, суды кіргізіп берсе, соған қуанамыз.
Тамызыққа отын табу қиын. Көмір сатып алу үшін ұзақ уақыт кезекке тұрамыз,–дейді тұрғындар.
Панагүл Асанова, Төретам кентінің тұрғыны: –17 мың теңгеден көмір аламыз. Көмір де қымбаттап кетті ғой қазір. Оған да қырғын кезек. Оны да жарыған адам алады. Үйіміз жылымайды. Жылымаса да, амал жоқ енді, отырмыз.
Рүстем Ормашев, Төретам кентінің тұрғыны: – Есеп беріп, әкімшіліктен келіп жылда айтып кетеді. Келген жоқ әлі, газдың иісі де жоқ. Келеді деп құбыр тасып жатса екен, жерді қазып жатса екен. Жұмыс жүргізіп жатқан дажоқ қой.
Газ құбыры Төретам және Ақай ауылдарының іргесінен өтіп, Байқоңыр қаласына қосылғанына да 4 жылдай болыпты. Сол кезде әкімдіктегілер көп ұзамай жұлдызды қалашыққа жақын тұрған қос ауылға да көгілдір отын беріледі деп уәде еткен. Қылышын сүйреткен тағы бір қыс келіп қалды. Газ құбыры қашан тартылады? Ауылдықтардың көкейіндегі сауалды жауапты мамандарға қойдық.
Дариға Тұрмағамбетова, Қармақшы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы: – Төретам кенті бойынша жобаның жалпы сметалық құны 1,5 млрд теңгені құрайды. 1780 үйге газ кіргізу қарастырылған. Газ құбырының желісі 97 шақырымды құрайды. Жоба құрылысы мердігерін анықтау мақсатында бүгінгі күні мемлекеттік сатып алу конкурсы ұйымдастырылуда.
Құрылыс бөліміндегілер Ақай ауылын газдандыру үшін де құны 1
миллиард теңгеге жуықтайтын жоба сметалық құжаты дайындалғанын жеткізді.
Мемлекеттік сатып алу рәсімдері өткеннен кейін жоба мердігері анықталмақ. Бұл
шаралар нақты қанша уақытқа созылатыны белгісіз. Ал биыл да газ келіп, мәз бола
алмайтынын түсінген ауылдықтар отын дайындау қамына кірісіп кетті.
ru Займы под 120% годовых: дело о незаконном кредитовании передано в
ru Выставка тепличных технологий Grow Expo Astana 2026 пройдет 8-10 апреля
ru Жаркентская мечеть включена в предварительный список Всемирного наследия ЮНЕСКО
ru В Минтруда обсудили новые механизмы трудоустройства лиц с инвалидностью
ru Схема обмана студентов через соцсети раскрыта в Шымкенте
ru В Акорде состоялась церемония встречи Президента Сербии
ru Мобильный ЦОН: сколько услуг казахстанцы получают через приложение
ru Подростки с особыми потребностями осваивают профессию кондитера в Карагандинской области
ru КНБ ликвидировал канал контрабанды наркотиков
ru Охлажденное мясо птицы можно будет хранить в 3 раза дольше
ru Солдат Национальной гвардии разработал цифровой портал для военнослужащих
ru Учащиеся 0-9 классов второй смены переведены на дистанционный формат обучения
ru Пенсионерка едва не лишилась более 2 млн тенге в Павлодаре
ru Строительство нового завода Coca-Cola Içecek в Актобе планируется начать в
ru Один из крупнейших бизнесменов Польши построит фармзавод в Шымкенте
ru Стартует прием заявок на премию Президента Республики Казахстан «Алтын Сапа»
ru Президент Сербии Александр Вучич посетит Астану 26-27 февраля
ru Глава государства направил поздравительную телеграмму Эмиру Кувейта
ru МТСЗН РК опровергло фейк о ежегодном отпуске
ru В Алматы открылась юбилейная выставка о мастерах кино
ru В Астане вынесен приговор интернет-мошеннице
ru Олжас Бектенов о выделении 1 трлн тенге на посевную кампанию
ru Олжас Бектенов поручил упростить и оцифровать процедуру льготного кредитного финансирования
ru В Казахстане продолжается подготовка к паводковому периоду
ru В Алматы продолжают расширять фонд студенческих общежитий
ru Почти 3000 га сельхозземель возвращены в госсобственность в Туркестанской области
ru Марихуана в особо крупном размере изъята в ВКО
ru Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров «Самрук-Қазына»
ru Из Турции экстрадирован подозреваемый в серийном мошенничестве
ru Спасатели МЧС оказали помощь 13 гражданам, оказавшимся в снежном заносе

+77772555856
Написать нам




