Қызылорда полицейлері автобусты неліктен өз денелерімен тоқтатқандарын айтты
08 Февраля 2016
1519
Автобус,
Полицейлер,
Қызылорда
Алматы. 8 ақпан. Ақпараттар орталығы. Қызылорда облысы ішкі істер департаментінде полицейлердің неліктен автобусты өз денелерімен тоқтатқандарын айтты.
ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, облыстық департамент «Youtube» видеохостингінде 6 ақпан күні жарық көрген видеоны тексерген. Аталмыш факті 2016 жылдың 11 қаңтарында сағат шамамен 17.50-де Қызылорда қаласында орын алған. Белгілі болғандай, Қызылорда қ. ІІБ жол-патрульдік батальонының №695 автоэкипажы қызмет барысында м/н N 176 BRA 11 бағыттық автобус жүргізушісінің жол қозғалысы ережесін бұзғанын, яғни бағдаршамның жүруге болмайтын белгісінде қозғалғанын байқаған.
Хабарда айтылғандай, «полиция қызметкерлері әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру үшін автобус жүргізушісіне тоқтау туралы белгі берген».
«Алайда автобус жүргізушісі полиция қызметкерлерінің талабына мойынсұнбай, жүрісін жалғастыра берген. Аталмыш көлік құралының артынан ерген автоэкипаж автобус тоқтаған кезде оған оны тоқтатуларының себебін түсіндіріп, құжаттарын көрсетуін талап еткен», — делінген хабарда.
Сонымен қатар, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген автобус жүргізушісінің оқиға орнынан қашып кеткісі келгені де айтылған. Сол мезет полиция қызметкерлері жолды жауып, полиция қызметкерлерінің заңды әрекеттеріне қарсылық танытқан автобус жүргізушісін кабинадан алып шыққан.
«Құқық бұзушылыққа жол бергені үшін автобус жүргізушісіне қатысты 599 бабы 1 бөліміне (бағдаршамның тыйым салынған белгісіне жүру) сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен қатар, автобус жүргізушісіне қатысты ҚР ҚК 379 бабы 1 бөлімі бойынша билік өкілдерінің заңды талабына бағынбау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», — деп атап өтті баспасөз қызметінен.
Оставлять комментарии могут только авторизованные пользователи. Авторизируйтесь или зарегистрируйтесь чтобы оставить комментарии.
ru В Алматы открыт обновленный колледж телекоммуникаций и машиностроения
ru В Казахстане обновят 9 энергоблоков, 55 котлов и 51 турбину
ru МВД пресекло незаконный оборот закиси азота
ru Бюро нацстатистики переходит на новый подход к расчету инфляции
ru По итогам прошлого года объём фармацевтического рынка составил 2,5 млрд
ru Глава государства направил поздравительную телеграмму Королю Испании
ru В 2025 году на ЭБТ предложение превысило спрос более чем
ru Ведущие компании Казахстана и ОАЭ подписали порядка 20 коммерческих документов
ru Более 1580 аграриев уже получили доступ к раннему финансированию посевной
ru Полиция ликвидировала крупную партию наркотиков в Павлодаре
ru В области Жетicу заместителя районного акима приговорили к лишению свободы
ru Сменился пресс-секретарь президента
ru Более 16,8 тыс. этнических казахов получили статус кандаса в 2025
ru Казахстан и ExxonMobil укрепляют стратегическое партнерство в энергетическом секторе
ru В Алматинском зоопарке стало больше животных и посетителей
ru В стране проводится ОПМ “Безопасный двор”
ru Честь Казахстана на зимних Олимпийских играх будут защищать 36 спортсменов
ru Глава государства Касым-Жомарт Токаев поздравил учителя Татьяну Белоусову
ru Министерство финансов РК переходит на новую цифровую архитектуру
ru В Карагандинской области появился новый птичник с искусственным интеллектом
ru Минздрав возобновляет плановые проверки медицинских организаций
ru Атырауские школьники разработали цифровую платформу для детских садов
ru В регионах Казахстана проводится комплекс противопаводковых мероприятий
ru Токаев направил телеграмму Президенту Израиля
ru Полиция раскрыла кражу 80 скота на 25 млн тенге в
ru Более 207 тыс. казахстанцев получили специальное государственное пособие в 2025
ru Завод по производству желатина и коллагена построят в Алматы
ru Актюбинская область усиливает инвестиционный диалог с Китаем
ru Костанайские спасатели ликвидировали пожар по повышенному рангу
ru В Алматы проведена уникальная операция на сердце беременной женщине

+77772555856
Написать нам




