Қызылордада жарты ғасыр жөндеу көрмеген үйлер апат алдында тұр
07 Июня 2021
1516
Социум
Алматы. 7 маусым - Ақпараттар орталығы - Қызылордада 50 жылдан бері жөндеу көрмеген үйлер бар, деп хабарлайды Хабар 24.
Соның бірі – Шұғыла шағын ауданындағы 26-шы үй. Іргесі мүжіліп, шатырының жақтаулары үгітілген. Жертөлесі суға толған көп пәтерлі үйге қоныстанған 100 отбасы «шықпа, жаным, шықпамен» күнелтіп келеді. Тұрғын үй қорын жаңғырту бағдарламасына әлдеқашан өтініш беріп қойған тұрғындар жөндеу жұмыстарының басталуын күткелі бірнеше жыл өтіпті. Жарты ғасыр бұрын пайдалануға берілген үйдің алғашқы қоныстанушысы Алла Хазиева 50 жылда үйлерінің бірде-бір рет жаңаланбағанын айтты. Жөні түзу жөндеу көрмеген көпқабатты үйдің кіреберісінен шатырына дейін сетінеп тұр. Жаңбыр жауса қабырғаны жылғалап аққан су тұсқағазды желімінен ажыратып, әкті шайып кетеді. Зейнеткер мүжілген, кетік баспалдақтармен жоғары-төмен мініп-түсудің өзі қауіпті деп отыр.
Алла Хазиева, қала тұрғыны: – Кірпіштер балалардың басына түсті өткенде, көліктерді әрі қойдыртып, балалар кірпіштерді жинап алды. Балкон жабылмаған, сыртқы беті түсіп тұр. Бір күні нық жел тұрса, құлап түседі. Шығуға қорқасың.
Шырын Райымова, қала тұрғыны: – Шықпаймыз, кір жая алмаймыз, 5 қабаттан 1-ге түсу бізге қиын. Көрпеше, төсектерді күнге жая алмаймыз. Балконға шығайық десек, қорқамыз, 4-қабатта кішкентай балалар бар, ашпаңыздар деп қорқады. Басқан сайын сықыр-сықыр тастақ түсіп жатыр. 5-қабатта 2 бөлме, балконға зат қоя алмаймыз, жауып тастадық неше жыл болды. Мінекей, подвалдың түрі мынау, іші толған ит-мысық, маса деген жаудай.
Жертөледен шығатын жағымсыз иістен аулада отыруға мүмкіндігі жоқ тұрғындар жергілікті әкімдікке бірнеше рет мәселелерін жеткізген. Жаңғырту бағдарламасына қатысу үшін түгел қол қойып берген. Тиісті сала мамандары Шұғыла шағын ауданындағы 26-үйді күрделі жөндеу үшін 91 миллион теңге қажет деп жоба-сметалық құжаттарын әзірлеп, арнайы комиссияға өткізеді.
Дінмұхаммед Сырлыбаев, қалалық ТҮКШ бөлімі басшысының орынбасары: – Бұған дейін құжаттарын рәсімдеп қойдық. Ендігі кезекте бюджетті қайта нақтылауға ұсынып көреміз. Қаражат келсе, әрі қарай бағдарлама бойынша мердігерді таңдайды, техникалық қадағалаушыны таңдайды. Пәтерлерді кондоминиум нысанын басқару органы бар «Қызылорда тазалығы» солармен шарттар жасайды әрі қарай.
Жалпы Қызылорда қаласындағы 800-ден астам көпқабатты үйдің
134-і жаңғырту бағдарламасымен жөндеуден өткізілген. Ал биылға 22 үйді қайта
жаңалауға үшін ұсыным берілді. Бірақ республикалық бюджеттен тек жартысына ғана
қаржы бөлініп, қалған 11 үй кейінге ысырылыпты. Соның ішінде осы 26 үй бар.
Сондықтан тұрғындарға баспанасының қас-беті биыл түзеледі деп жергілікті билік
өкілдері кепілдік бере алмай отыр.
ru Займы под 120% годовых: дело о незаконном кредитовании передано в
ru Выставка тепличных технологий Grow Expo Astana 2026 пройдет 8-10 апреля
ru Жаркентская мечеть включена в предварительный список Всемирного наследия ЮНЕСКО
ru В Минтруда обсудили новые механизмы трудоустройства лиц с инвалидностью
ru Схема обмана студентов через соцсети раскрыта в Шымкенте
ru В Акорде состоялась церемония встречи Президента Сербии
ru Мобильный ЦОН: сколько услуг казахстанцы получают через приложение
ru Подростки с особыми потребностями осваивают профессию кондитера в Карагандинской области
ru КНБ ликвидировал канал контрабанды наркотиков
ru Охлажденное мясо птицы можно будет хранить в 3 раза дольше
ru Солдат Национальной гвардии разработал цифровой портал для военнослужащих
ru Учащиеся 0-9 классов второй смены переведены на дистанционный формат обучения
ru Пенсионерка едва не лишилась более 2 млн тенге в Павлодаре
ru Строительство нового завода Coca-Cola Içecek в Актобе планируется начать в
ru Один из крупнейших бизнесменов Польши построит фармзавод в Шымкенте
ru Стартует прием заявок на премию Президента Республики Казахстан «Алтын Сапа»
ru Президент Сербии Александр Вучич посетит Астану 26-27 февраля
ru Глава государства направил поздравительную телеграмму Эмиру Кувейта
ru МТСЗН РК опровергло фейк о ежегодном отпуске
ru В Алматы открылась юбилейная выставка о мастерах кино
ru В Астане вынесен приговор интернет-мошеннице
ru Олжас Бектенов о выделении 1 трлн тенге на посевную кампанию
ru Олжас Бектенов поручил упростить и оцифровать процедуру льготного кредитного финансирования
ru В Казахстане продолжается подготовка к паводковому периоду
ru В Алматы продолжают расширять фонд студенческих общежитий
ru Почти 3000 га сельхозземель возвращены в госсобственность в Туркестанской области
ru Марихуана в особо крупном размере изъята в ВКО
ru Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров «Самрук-Қазына»
ru Из Турции экстрадирован подозреваемый в серийном мошенничестве
ru Спасатели МЧС оказали помощь 13 гражданам, оказавшимся в снежном заносе

+77772555856
Написать нам




