Сенатор ауылға берілетін білім гранттарын 50 пайызға көбейтуді ұсынды
23 Октября 2020
1101
Социум
Фото:ҚазАқпарат
Алматы. 23 қазан. Ақпараттар орталығы - Ауылдық жердегі орта білім беру сапасының төмендігінен балалар мемлекеттік гранттар алуға қауқарсыз. Бұл туралы Сенат депутаты Ақылбек Күрішбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Ауылдық аймақтардағы білім беру нысандарына қажеттілік 312-ге жетті, 32 мектеп - апатты жағдайда, 86-сы - үш ауысымды. Мұнда 2 240 педагог жетіспейді, бұл еліміздегі жалпы қажеттіліктің 75 пайызын құрайды. Әсіресе, ауыл мектептеріндегі білім беру мәселелері қатты алаңдатады. PISA нәтижелеріне сүйенсек, қала мен ауыл арасындағы білім сапасында 22-ден 37 балға дейінгі алшақтық бар. Ұлттық бірыңғай тест нәтижелері бойынша, ауыл мектептерінің түлектері қалалық оқушыларынан орта есеппен 5-6 баллға артта қалып отыр. Сондықтан да ауылдық жердегі орта білім беру сапасының төмендігінен көптеген дарынды балалар жоғары оқу орындарына мемлекеттік гранттар алуға ие бола алмайды», - деді депутат Сенаттағы ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі парламенттік тыңдауда.
Оның айтуынша, ауылдарда 550 мәдени нысан, спорт залы қажет, 150-ге жуық кітапхана жетіспейді. Ауылдың мәдени-спорттық инфрақұрылымын дамыту көрсеткіштері әкімдерді бағалау критериясына да кірмейді. «Білім беру гранттарындағы ауылдық квотаны 30 пайыздан кем дегенде 50 пайызға дейін көбейту керек. Сонымен қатар, басқа елдердегідей, агроқұрылымдардың студенттерді университеттерде оқытуға жұмсаған қаражат шығындарын субсидиялау өте маңызды», - деді А. Күрішбаев.
ru Конституционный Суд и Офис ОБСЕ обсудили совместные инициативы на 2026
ru Дархан Сатыбалды провел встречу с инвесторами и предпринимателями Алматы
ru Более полумиллиарда тенге ущерба возмещено по делу в сфере образования
ru МВД предупредило о схеме удаленного доступа к смартфонам через вредоносные
ru Реконструкция вокзалов Жанакорган, Шиели и Казалы приближается к завершению
ru Президент США охарактеризовал Казахстан как прекрасную и богатую страну
ru Более 102 тыс. вакансий размещено на Электронной бирже труда с
ru Аграрии Жамбылской области готовятся к посевной
ru Полиция пресекла факт незаконного оборота мефедрона в Алматы
ru Международный аэропорт Семей привлечен к административной ответственности
ru В столице представили редкие рукописи VIII–XIX веков
ru Касым-Жомарт Токаев поздравил верующих с началом месяца Рамазан
ru 14,3 млрд кубометров составляет свободная емкость в водохранилищах Казахстана для
ru С начала года казахстанцам выплачено пенсий на сумму более 395
ru Канал сбыта наркотиков каннабисной группы пресечен в Жамбылской области
ru Спасатели МЧС предотвратили взрыв в жилом доме
ru Более 40% всех ПИИ — вклад Алматы
ru Деятельность незаконного онлайн-казино расследует АФМ в Мангистауской области
ru Импульс на рынке труда: в Алатау в Алматинской области предложены
ru Школьники задержаны за «телефонное» хулиганство в Алматы
ru Ликвидированы подпольные цеха по производству снюса в Туркестанской области
ru $400 млрд к 2029 году составят инвестиции в промышленный каркас
ru Президент направил телеграмму поздравления Генеральному секретарю ЦК Компартии Вьетнама
ru Глава государства направил поздравительную телеграмму Председателю КНР
ru Опознанное тело оказалось чужим: суд отменил запись о смерти
ru Запущен проект по обеспечению сёл высокоскоростным интернетом
ru В КазНУ открылся казахстанско-сингапурский центр квантовых технологий
ru Около 1 700 единиц спецтехники задействовано в снегоуборочных работах в
ru В 2026 году в Казахстане ведется строительство 90 новых школ
ru В Алматы завершена пробивка тоннелей до новой станции метро

+77772555856
Написать нам




