26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Шығыс Қазақстанда спорттық балық аулау дамытылады

17 тамыз 2016 Қаралым: 2 713 Мәдениет,  Спорт,  Бизнес
Шығыс Қазақстанда  спорттық балық аулау дамытылады

Алматы. 17 тамыз. Ақпараттар орталығы.  Зырян ауданының үш тоғанына биыл балық шабақтарын жіберді. Келесі жылы шағынқалаларды дамыту бағдарламасы аясында тоғандарды толтыру жалғасады, деп хабарлады ШҚО Ақпараттар орталығынан.   

 

Шығыс Қазақстан облысындағы Тұрғұсын ауылдық округіндегі тоғандардың бірі биыл тұқы мен ақ амур шабақтарымен толықты. Тоған иесі Онеж Бурмышева  осы учаскеде  спорттық балық аулауды дамытуды жоспарлап отыр. 

 

«Біз алғаш рет бұл тоғанға балықтарды он жыл бұрын жіберген болатынбыз,- деді тоған шаруашылығының директоры    О. Бурмышева. – Барлығы сәтті бейміделіп, өсіп кетті. Енді бұл жерде туризм мен ақылы түрде балық аулауды дамытқым келіп отыр. Бұл жердің ерекшелігі: жүзетін көпірлер, сарқыраған бұрқақ секілді беткейлі аэраторлар болады. Оған қоса, бұл жерде сәнді балық  түрлерін де жібереміз».

 

Оның айтуынша, үлкейген тоғанға күтім керек. Өскіндерді азайту үшін ақ амурды жіберген. Балықтың бұл түрі балдырларды жейді. Ал суды «сүзгіден өткізуге» және оны мөлдір қылуға дөңмаңдайлар көмектеседі. Оларды да жақын уақытта алып келеді. 

 

Зырян ауданында да бірнеше тоған бар, ол жерлерде де балық өсіруге болады.  Сонымен қатар Бұқтырма су қоймасының алты учаскесінде де  балық өсіру жоспарлануда.  

 

«Сондай-ақ өнеркәсіптік аулауға арналған үш учаске бар, - деді Зырян ауданының ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Мамай Бұтбаев. – олар ауланған балықтарды цехқа тапсырады, олар күніне 250-300 килограмм балықты өңдеп шығарады. Бірақ бұл аз. Бұл көрсеткішті тәулігіне жарты тоннаға дейін жеткізу керек».

 

Хабарда атап өтілгендей, спорттық балық аулау мен балық өңдеуді арттыру аудан тұрғындары үшін тағы бір кіріс көзі болмақ. Келесі жылы бұл бағытқа шағын қалаларды дамыту бағдарламасын жүзеге асыру аясында көңіл бөлінетін болады.   

  

Тағы оқыңыз