26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Сирия жөніндегі халықаралық кездесудің алқа отырысы Астанада 3-4 мамырға жоспарланды

20 сәуір 2017 Қаралым: 2 226 Саясат,  Әлемде
adaptivelearnin.wordpress.com
Фото: adaptivelearnin.wordpress.com

Астана. 20 сәуір. Ақпараттар орталығы. 18-19 сәуірде Теһранда Ресей, Түркия және Иран делегациялары Сирия бойынша халықаралық кездесу аясында кеңес откізді, деп хабарлады Иран сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ҚазТАГ.

«Теһрандық кездесуде Сирия бойынша Астанада 3-4 мамырға деп жоспарланған төртінші халықаралық кездесуге дайындық талқыланды. Барлық делегациялар жоғарғы деңгейдегі отырыс алдында, 2 мамырда тағы бір рет сараптамалық кеңес өткізу қажеттігімен келісті», - делінген бейсенбі күні таратылған хабарда.

Сондай-ақ үш жақ тапсырған құжаттар жобасы, оның ішінде атысты тоқтату режиміне қатысты (Сирияда 2016 жылғы 30 желтоқсанда жарияланған), және олардың орындалуына, тұтқындар мен ұрлап әкетілген адамдармен алмасуға да қатысты құжаттар талқыланды.

БҰҰ сарапшыларының делегациясы бақылаушы ретінде қатысып, техникалық септігін тигізді.

СІМ баспасөз қызметі сириялық дағдарыстың барлық қырына: әскери қыры және терроризммен күрес, сондай-ақ саяси және гуманитарлық қырына да назар аудару қажеттігін қадап айтты.

Сыртқы саяси ведомство Астана процесі мен басқа да халықаралық күш-жігер сириялық дағдарыстың тез арада аяқталуына септігін тигізеді және терроризммен халықаралық жан-жақты күресті жалғастырады деген үміт білдіреді.

Дереккөз: КазТАГ

Тағы оқыңыз