Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Қорғаныс министрілігінің мемсатып алу саласындағы бұзушылықтарына алаңдаулы
Алматы. 28 қазан. Ақпараттар орталығы. ҚР Мемқызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі ҚР Қорғаныс министрлігінде жиілеп кеткен жемқорлық деректеріне алаңдаушылық білдіріп отыр, деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ведомствосының баспасөз қызметінен.
Хабарда айтылғандай, Агенттік жүргізген талдау нәтижесінде Қорғаныс министрлігі құрылымында айтарлықтай жемқорлық қауіптері анықталған.
«Қорғаныс ведомствосында пара алу деректері, әсіресе әскери билет беру және әскерге шақыртуды кейінге қалдыру туралы қорытынды шығару секілді мемқызмет көрсету барысында орын алады», - делінген хабарда.
Хабарда көрсетілгендей, ағымдағы жылдың тек 9 айында Министрлік қызметкерлеріне қатысты 34 сотқа дейінгі тергеу амалдары тіркелген, ол былтырғы көрсеткіштен 2 есе көп. Істің 60%-ы қорғаныс істері органының басшылық құрамына қатысты қозғалған, соның ішінде Ақтөбе, Атырау және Қостанай облыстарының департаменттерінде.
«Әскери-техникалық мектептердегі жемқорлық деректері де алаңдауға тұрарлық. Мемсатып алу өткізу барысындағы сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар жүйелі негізде кездесіп отыр», - деп атап өтті ведомствода.
Соған байланысты агенттік Қорғаныс министрлігіне әскери комитеттер мен әскери-техникалық оқу орындарының қызметтерін ерекше бақылауға ала отырып, ведомствоға бағынышты құрылымдардағы мемсатып алу рәсімдеріне аса назар аударып, қол астындағылардың сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылығын жасағаны үшін әскери басшылардың жеке жауапкершілігін күшейтуді ұсынып отыр.
«Қорғаныс ісі органдарында мемқызмет көрсету барысында сыбайлас жемқорлық қауіптерін жою және тереңінен ішкі талдау жасау да дұрыс болар еді», - деп түйіндеді бюрода.