Талғат Донақов Президент әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды
Алматы. 13 қыркүйек. Ақпараттар орталығы. Президент жарлығымен Талғат Донақов Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметінен.
"Талғат Советбекұлы Донақов Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалсын", — делінген жарлықта.
Бұған дейін Донақов Мемлекеттік қызмет істер министрлігін басқарған еді. Бүгін президент жарлығымен аталмыш ведомство қайта құрылды.
.


