• USD/KZT
    0.0
  • EUR/KZT
    0.0
  • RUB/KZT
    0.0
  • CNY/KZT
    0.0

Талғат Мұсабаев авиациядағы оқиғаларды тексеруге қатысты ұсыныс айтты

Фото:ҚазАқпарат

Алматы. 22  сәуір. Ақпараттар орталығы - Сенат депутаты Талғат Мұсабаев Премьер-Министрдің атына жолдаған сауалында азаматтық авиация және ұшуды ұйымдастыру саласындағы қауіпсіздік мәселелерін қозғады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сенатор заң бойынша азаматтық авиацияда сертификаттау, қадағалау және бақылаумен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті айналысуы керек екенін атап өтті. Алайда, бұл мемлекеттік функциялар іс жүзінде ішкі құжаттар негізінде шетелдік азамат басқаратын «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ коммерциялық компаниясына берілді. Сенатордың пікірінше, аталған саладан өзін-өзі осылай шеттету фактісі мұндай мемлекеттік органның болу орындылығы туралы мәселені туындатады. «Мәселенің шешімін заңды арнаға бағыттауды ұсынамыз. Азаматтық авиациядағы қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік функцияларды Азаматтық авиация комитетіне қайтару қажет деп санаймыз. Ал «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ құрылғандықтан, оған тек сертификаттау жөніндегі функцияларды қалдыру немесе оған коммерция субъектісі емес, барлық туындайтын заңнамалық салдары мен жауапкершілігі бар мемлекеттік орган мәртебесін беру, оған мемлекеттік функцияларды орындауды жүктеу қажет», – деп атап өтті сенатор. Ол өзінің депутаттық сауалында авиациялық және азаматтық авиациядағы оқиғаларды тексеруді Төтенше жағдайлар министрлігіне немесе тәуелсіз халықаралық аймақтық тергеу органдарына беруді қарастыру қажет екенін айтты.


 

 

Источник: ҚазАқпарат

ru На что тратят бюджетные деньги в Карагандинской области

ru Карагандинский стартап 4SELL.ai намерен покорить рынки ОАЭ и США

ru Более 1 370 проверок провели социнспекторы с начала года

ru Сенат одобрил поправки об усилении правовой защиты медицинских работников

ru АФМ выявлена схема хищения имущества АО «Qarmet» на 1,8 млрд

ru В Алматы установлены тактильные модели ключевых туристических объектов

ru В Астане с начала зимнего периода вывезено более 1 млн

ru Полиция выявила кражу ели в Акмолинской области

ru Глава государства ознакомился с деятельностью фармацевтических предприятий Жамбылской области

ru Пресечена схема незаконного завладения квартирами общей стоимостью в 2,3 млрд

ru Более 14,8 тыс. этнических казахов получили статус кандаса с начала

ru В этом году в Казахстане появились три новые СЭЗ

ru В Министерстве культуры и информации обсудили итоги работы с обращениями

ru Валовый выпуск продукции сельского хозяйства увеличился на 6,1%

ru Экспортный потенциал и новые рынки: Казахстан увеличил поставки зерна за

ru Корректировка Генплана Алматы учитывает развитие агломерации

ru Токаев поддержал идею двухуровневой дороге по пр.Кабанбай батыра в Астане

ru Состоялся телефонный разговор Главы государства с Президентом Азербайджана

ru В Казахстане отмечено улучшение ключевых показателей здоровья населения

ru В Темиртау обновляют городские электросети

ru Реклама без ошибок: в Караганде подвели итоги социального проекта

ru Около трех тысяч дорожных рабочих вышли на уборку снега в

ru Столичные спасатели напомнили горожанам правила безопасного поведения на льду

ru На поддержку малого бизнеса в регионах направят 400 млрд тенге

ru Профилактическое мероприятие “Ель” по охране хвойных деревьев стартовало в Алматы

ru Более 681 млрд тенге выплачено казахстанцам в виде пособий и

ru В Алматы обозначены приоритеты развития социальной сферы

ru Самая крупная грибная ферма открыта в регионе

ru Самый крупный в стране цех по производству сгущенного молока открыт

ru Штормовое предупреждение по Казахстану на сегодня