Тасмағамбетов ҚР премьер-министрі болып тағайындалды
Алматы. 13 қыркүйек. Ақпараттар орталығы. Президент жарлығымен Иманғали Тасмағамбетов Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметінен.
" Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі қызметінен босатылсын", — делінген жарлық мәтінінде

