• USD/KZT
    0.0
  • EUR/KZT
    0.0
  • RUB/KZT
    0.0
  • CNY/KZT
    0.0

Таза суды аңсаған көкшетаулықтар

Алматы. 16 ақпан. Ақпараттар орталығы  -Таза суға көкшетаулықтар тек 2024 жылы жетуі мүмкін. Ал оған дейін крандағы кір суын ішуге пайдалана алмай отырған қала жұрты суды сатып ішуге мәжбүр. Су мәселесінің үш жылдан кейін ғана шешілетінін облыс әкімі Ермек Маржықпаев есептік кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Aiqyn.

Құбырлардың жартысынан астамы­ның тозығы жетіп, су та­зар­ту стансаларының қуаты жет­пейтінін өңір басшысы мойын­дады. Су құбырлары мен желілерін жөндеу және жаңарту сонау 2009 жылы қолға алынған. Бірақ арты сиырқұйымшақтанып,  соңында суды тазарту стансасының құ­рылысы аяқталмаған еді.  2013 жылы жоба мүлде тоқтап, сол күйі су аяғы құрдымда қалып қойған. Қа­зір қала жұртшылығының қолы жеткендері үйлеріне суға сүзгі ор­натса, ал бірқатары суды қаланың әр жерінде орнатылған сүзгі аппаратынан немесе дүкендерден са­тып алуға мәжбүр. Ал негізгі бө­лігі колонкалар мен кезектен арылмайтын «Бармашино» бұла­ғын жағалайды.

Тозығы жеткен су құбырларын жаңарту тек 2018 жылдан бастап қолға алынған. Жобаға түзетулер енгізіліп, қомақты қаражат бө­лінді. Ал өткен жылы және биыл жалпы сомасы бір млрд теңгеге жуық бюджет қаржысы шығын­далған. Бірақ суды тазартып, сапалы етуге біршама уақыт кет­пек. Әкім осылай дейді.  «2024  жыл – бұл енді шекті мерзім. Мә­селе шешілуі тиіс. Әзірлікті бастап жібердік. Іргетасын қалап жа­тырмыз», – деді аймақ басшысы Ермек Маржықпаев.

Естеріңізге сала кетсек, Көк­шетаудағы су құбырларына жарты ғасырдан астам уақыт өткен. Олардың көпшілігі шіріп, тат­танып кеткен. Осы уақыт ішінде құбырлар бірде-бір мәрте ауыс­тырылып жаңартылмапты. Тек су құбырларының сүзгіштері ауыс­тырылған. Қала пәтерлерінің кран­дарынан ішуге жарамсыз сарғыш су ағады. Оны техникалық мақсатта ғана пайдалануға жа­рамды.

Әкім үш жылдан кейін көк­шеліктер таза су ішетініне сен­дірді. Енді көкшеліктер үш жыл­дан кейін сапалы судан ауыз тимек. Оны да күтейік…

 

Источник: Aiqyn

ru Займы под 120% годовых: дело о незаконном кредитовании передано в

ru Выставка тепличных технологий Grow Expo Astana 2026 пройдет 8-10 апреля

ru Жаркентская мечеть включена в предварительный список Всемирного наследия ЮНЕСКО

ru В Минтруда обсудили новые механизмы трудоустройства лиц с инвалидностью

ru Схема обмана студентов через соцсети раскрыта в Шымкенте

ru В Акорде состоялась церемония встречи Президента Сербии

ru Мобильный ЦОН: сколько услуг казахстанцы получают через приложение

ru Подростки с особыми потребностями осваивают профессию кондитера в Карагандинской области

ru КНБ ликвидировал канал контрабанды наркотиков

ru Охлажденное мясо птицы можно будет хранить в 3 раза дольше

ru Солдат Национальной гвардии разработал цифровой портал для военнослужащих

ru Учащиеся 0-9 классов второй смены переведены на дистанционный формат обучения

ru Пенсионерка едва не лишилась более 2 млн тенге в Павлодаре

ru Строительство нового завода Coca-Cola Içecek в Актобе планируется начать в

ru Один из крупнейших бизнесменов Польши построит фармзавод в Шымкенте

ru Стартует прием заявок на премию Президента Республики Казахстан «Алтын Сапа»

ru Президент Сербии Александр Вучич посетит Астану 26-27 февраля

ru Глава государства направил поздравительную телеграмму Эмиру Кувейта

ru МТСЗН РК опровергло фейк о ежегодном отпуске

ru В Алматы открылась юбилейная выставка о мастерах кино

ru В Астане вынесен приговор интернет-мошеннице

ru Олжас Бектенов о выделении 1 трлн тенге на посевную кампанию

ru Олжас Бектенов поручил упростить и оцифровать процедуру льготного кредитного финансирования

ru В Казахстане продолжается подготовка к паводковому периоду

ru В Алматы продолжают расширять фонд студенческих общежитий

ru Почти 3000 га сельхозземель возвращены в госсобственность в Туркестанской области

ru Марихуана в особо крупном размере изъята в ВКО

ru Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров «Самрук-Қазына»

ru Из Турции экстрадирован подозреваемый в серийном мошенничестве

ru Спасатели МЧС оказали помощь 13 гражданам, оказавшимся в снежном заносе