ТЖ жарияланған Арал ауданының жағдайы не болып жатыр?
28 Сентября 2021
1265
Экономика
Фото:Хабар 24
Алматы. 28 қыркүйек. Ақпараттар орталығы - Жауын-шашынның аздығы мен ауа райының жылдағы қалыптан тым ыстық болуы әрі Сырдария суының азайып кетуінен Қызылорда облысын қуаңшылық жайлағаны белгілі, деп хабарлайды Хабар 24.
Әсіресе құмды, шөлейтті жерді мекен еткен Арал ауданының тұрғындары қатты қиналды. Соңғы 4 жылда Қамыстыбас және Ақшатау көлдер жүйесіне Сыр өзенінен су мүлдем түскен жоқ. Құрғақшылықтан шаруалардың 600-ге жуық малы қырылды. 12 шілдеде Төтенше жағдай жарияланған аймақтың қазіргі ахуалы қалай? Ауылдағы ағайын қолдағы малын қыстан алып шыға ала ма? 2015 жылы «Сыбаға» бағдарламасымен 15 миллион теңгеге 105 бас тауарлы сиыр сатып алған Жәли Байтуғанов 5 жылда ірі қара санын 2 есеге өсірді. Аралқұм ауылынан жырақ орналасып, асыл тұқымды малын семіртіп сатып, 5 адамды жұмыспен қамтып жүрген шаруа биыл түліктің басын сақтау қиынға түсіп отырғанын айтады. Жаздыгүні бірнеше сиырынан айырылған ол, қалған малын келесі жылғы көкке қалай іліндіремін деген уайыммен жүр.
Жәли Байтуғанов, шаруа қожалығының төрағасы: - 2 жылдан бері қуаңшылық бізге білініп отыр. Қыс қалай болатыны белгісіз. Не болғанда да малды сақтап қалуымыз керек. Несиеміз бар оны төлеуіміз керек. Сенбі сайын жәрмеңкеге ет апарамыз. Малымызды өткізе алмай тұрмыз осы тұрғанда. Екі ортада делдалдар бар. Бізден 1500-1700 теңге алады. Сосын базарда өздерінің бағасын қойып сатады.
Тіршілік нәрінің жетіспеушілігінен төрт түлік аумақтағы жайылымдық және шабындықтардан талғажау етер қылтанақ таппай қалды. Мергенсай ауылының тұрғыны Әселхан Әбіловтың да бірнеше түйе-тайлағы оты жоқ далада құм жеп өлген. Қолдағы өзге азын-аулақ малын мемлекет жеткізген жем-шөппен аман алып қалудың сәті түсіпті.
Әсемхан Әбілов, Мергенсай ауылының тұрғыны: - Қатаң қыс болса жайылым жоқ деп көпшілігі біршама малын сатып жатыр. Қыстан қорқып. Мың жарым қап тегін жем берілді. 4 жарым мыңға жуық жоңышқа, пішен арзандатылған бағамен берілді. Шөптерді әкелу үшін және бағасын төмендету үшін жанармайын тегін беріп жатыр. Бұның барлығы халық үшін жасалып отырған үлкен көмек деп есептейміз.
Серік Сермағамбетов, Арал ауданының әкімі: - 5 мүйізді ірі қара немесе 10 шақты малы бар 2 жарым мыңнан астам отбасыға шөп тегін таратылған болатын. 263 миллион теңге қаржы бөлініп, 5478 отбасына жем тегін таратылды. Ол 1400 тоннаны құрады. Жергілікті жерден 41 мың тоннаға жуық шөп дайындалып, әлде де қамтамасыз етіледі.
Бүгінде қуаңшылық зардаптарын жою жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Қысқа қажетті мал азығының 55%-і шаруашылықтарға жеткізілді. Шалғай орналасқан 9 ауылдан мал суаратын ұңғыма қазу жобасы әзірленіп, қазір Мергенсайдағысы пайдалануға берілді. Жақында Ақбастыдағы құдықтан да мал су іше бастайды. Сонымен қатар Аспай су ағытқысын іске қосу арқылы Қамыстыбас-Ақшатау көлдер жүйесіне су құйылып жатыр. Нәтижесінде 7 мың гектардай шабындықты, 13 мыңға жуық гектар жайылымдықты суаруға мүмкіндік туып отыр. Сонымен қатар аралдық шаруа қожалықтарына көршілес облыстардың Ырғыз бен Ұлытау аудандарына малын қыстатып шығуына келісімдер жасалды.
ru Займы под 120% годовых: дело о незаконном кредитовании передано в
ru Выставка тепличных технологий Grow Expo Astana 2026 пройдет 8-10 апреля
ru Жаркентская мечеть включена в предварительный список Всемирного наследия ЮНЕСКО
ru В Минтруда обсудили новые механизмы трудоустройства лиц с инвалидностью
ru Схема обмана студентов через соцсети раскрыта в Шымкенте
ru В Акорде состоялась церемония встречи Президента Сербии
ru Мобильный ЦОН: сколько услуг казахстанцы получают через приложение
ru Подростки с особыми потребностями осваивают профессию кондитера в Карагандинской области
ru КНБ ликвидировал канал контрабанды наркотиков
ru Охлажденное мясо птицы можно будет хранить в 3 раза дольше
ru Солдат Национальной гвардии разработал цифровой портал для военнослужащих
ru Учащиеся 0-9 классов второй смены переведены на дистанционный формат обучения
ru Пенсионерка едва не лишилась более 2 млн тенге в Павлодаре
ru Строительство нового завода Coca-Cola Içecek в Актобе планируется начать в
ru Один из крупнейших бизнесменов Польши построит фармзавод в Шымкенте
ru Стартует прием заявок на премию Президента Республики Казахстан «Алтын Сапа»
ru Президент Сербии Александр Вучич посетит Астану 26-27 февраля
ru Глава государства направил поздравительную телеграмму Эмиру Кувейта
ru МТСЗН РК опровергло фейк о ежегодном отпуске
ru В Алматы открылась юбилейная выставка о мастерах кино
ru В Астане вынесен приговор интернет-мошеннице
ru Олжас Бектенов о выделении 1 трлн тенге на посевную кампанию
ru Олжас Бектенов поручил упростить и оцифровать процедуру льготного кредитного финансирования
ru В Казахстане продолжается подготовка к паводковому периоду
ru В Алматы продолжают расширять фонд студенческих общежитий
ru Почти 3000 га сельхозземель возвращены в госсобственность в Туркестанской области
ru Марихуана в особо крупном размере изъята в ВКО
ru Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров «Самрук-Қазына»
ru Из Турции экстрадирован подозреваемый в серийном мошенничестве
ru Спасатели МЧС оказали помощь 13 гражданам, оказавшимся в снежном заносе

+77772555856
Написать нам




