Ведомствоаралық комиссия Қазақстанның бірқатар қаласында карантин шараларын күшейтті
27 Июля 2021
1146
Социум
Фото:ҚазАқпарат
Алматы. 27 шілде. Ақпараттар орталығы - Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен ҚР аумағында коронавирус инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат
Вице-премьер денсаулық сақтау министрі мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Қарағанды, Атырау облыстары басшылығының өңірлердегі эпидемиологиялық жағдай туралы есебін тыңдап, медициналық ұйымдар мен халықты қажетті дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен толыққанды және үздіксіз қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауды тапсырды, деп хабарлайды primeminister.kz.
Ведомствоаралық комиссия елдегі тәуліктік сырқаттанушылықтың
65%-ын және тәуліктік өлім-жітім жағдайларының 55%-ын құрайтын Нұр-Сұлтан,
Алматы, Шымкент, Атырау, Қарағанды қалаларында карантин шараларын күшейту
туралы шешім қабылдады. Бұл өңірлерде биылғы жылдың 2 тамызынан бастап мынадай
шектеу шаралары күшіне енеді: орталық мемлекеттік органдарды, әкімдіктерді,
құқық қорғау органдарын, денсаулық сақтау ұйымдарын, БАҚ-ты, азық-түлік
дүкендерін, дәріханаларды және тіршілікті қамтамасыз ету ұйымдарын қоспағанда,
«Ashyq» жобасына қатыспайтын барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметін
тоқтата тұру; ойын-сауық, спорттық, отбасылық, естелік және өзге де бұқаралық
іс-шараларды өткізуге тыйым салу; мемлекеттік органдар, кеңселер, ұлттық
компаниялар мен өзге де ұйымдар қызметкерлерінің 80%-ын қашықтан жұмыс істеуге
ауыстыру (вакцина салдырғандарды және соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылғандарды
қоспағанда). Сондай-ақ, Ақмола, Алматы, Қарағанды облыстарының әкімдіктеріне
Нұр-Сұлтан (Бурабай, Целиноград, Аршалы аудандары), Алматы (Қарасай, Талғар,
Іле, Еңбекшіқазақ аудандары), Шымкент қалаларымен (Сайрам, Төлеби аудандары),
Қарағандымен (Теміртау, Шахтинск, Абай) шекаралас аудандарында карантин
шараларын күшейту бойынша шаралар қабылдау ұсынылды. Өңірлердің әкімдіктеріне
шектеулер енгізу және олардың сақталуын бақылау бойынша барлық шараларды
қабылдау тапсырылды.
Вице-премьер коронавирус инфекциясының таралуына қарсы күресте мониторинг
топтарының жұмысының маңыздылығын және барлық өңірлерде осы бағыттағы
белсенділіктің төмендігін атап өтті. ШОБ нысандарын рейдтермен қамтудың барынша
төмендеуі Ақтөбе, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Ақмола,
Атырау облыстарында, сондай-ақ Алматы және Шымкент қалаларында байқалады.
Анықталған бұзушылықтар санының төмендеуі Маңғыстау, Павлодар, Алматы,
Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарында байқалады. Е. Тоғжанов барлық
өңірлерде мониторинг топтарының жұмысын жандандыруды тапсырды. Сондай-ақ,
вице-премьер еліміздің кейбір өңірлерінде вакциналаудың төмен қарқынын атап
өтті. Мысалы, Маңғыстау облысында халықтың тек 25,6%-ы бірінші компонентпен
егілді, бұл республика бойынша орташа мәннен 2 есе төмен (52,4%). 6 өңірдің
(БҚО, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл, Павлодар облыстары) көрсеткіштері ел
бойынша орташа мәннен айтарлықтай артта қалып отыр. Бас мемлекеттік санитарлық
дәрігердің 2021 жылғы 14 шілдедегі №32 Қаулысына сәйкес биылғы жылғы 10 тамызға
дейінгі мерзімде қызмет көрсету саласының барлық қызметкерлері COVID-19
вакцинасының бірінші компонентімен екпе алуы тиіс.
ru Займы под 120% годовых: дело о незаконном кредитовании передано в
ru Выставка тепличных технологий Grow Expo Astana 2026 пройдет 8-10 апреля
ru Жаркентская мечеть включена в предварительный список Всемирного наследия ЮНЕСКО
ru В Минтруда обсудили новые механизмы трудоустройства лиц с инвалидностью
ru Схема обмана студентов через соцсети раскрыта в Шымкенте
ru В Акорде состоялась церемония встречи Президента Сербии
ru Мобильный ЦОН: сколько услуг казахстанцы получают через приложение
ru Подростки с особыми потребностями осваивают профессию кондитера в Карагандинской области
ru КНБ ликвидировал канал контрабанды наркотиков
ru Охлажденное мясо птицы можно будет хранить в 3 раза дольше
ru Солдат Национальной гвардии разработал цифровой портал для военнослужащих
ru Учащиеся 0-9 классов второй смены переведены на дистанционный формат обучения
ru Пенсионерка едва не лишилась более 2 млн тенге в Павлодаре
ru Строительство нового завода Coca-Cola Içecek в Актобе планируется начать в
ru Один из крупнейших бизнесменов Польши построит фармзавод в Шымкенте
ru Стартует прием заявок на премию Президента Республики Казахстан «Алтын Сапа»
ru Президент Сербии Александр Вучич посетит Астану 26-27 февраля
ru Глава государства направил поздравительную телеграмму Эмиру Кувейта
ru МТСЗН РК опровергло фейк о ежегодном отпуске
ru В Алматы открылась юбилейная выставка о мастерах кино
ru В Астане вынесен приговор интернет-мошеннице
ru Олжас Бектенов о выделении 1 трлн тенге на посевную кампанию
ru Олжас Бектенов поручил упростить и оцифровать процедуру льготного кредитного финансирования
ru В Казахстане продолжается подготовка к паводковому периоду
ru В Алматы продолжают расширять фонд студенческих общежитий
ru Почти 3000 га сельхозземель возвращены в госсобственность в Туркестанской области
ru Марихуана в особо крупном размере изъята в ВКО
ru Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров «Самрук-Қазына»
ru Из Турции экстрадирован подозреваемый в серийном мошенничестве
ru Спасатели МЧС оказали помощь 13 гражданам, оказавшимся в снежном заносе

+77772555856
Написать нам




