Вице-министр дизель отыны тапшылығының себептерін айтты
23 Июня 2021
1123
Экономика,
Транспорт
Фото:Хабар 24
Алматы. 23 маусым - Ақпараттар орталығы - Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде дизель отыны мен бензин тапшылығы жақын арада жойылады. Бұл туралы брифингте энергетика вице-министрі Әсет Мағауов мәлім етті, деп хабарлайды Хабар 24.
Мағауов елдің оңтүстігіндегі мұнай өнімдерін жеткізудегі қиындықтардың негізгі себептері бірнеше факторға байланысты екенін айтты деп хабарлайды Tengrinews.kz. «Мысалы, Шымкент мұнай өңдеу зауыты (МӨЗ) жөндеу жұмыстарына байланысты жұмысын тоқтатты. Сондай-ақ, ол іске қосылғанға дейін 5-6 күн бұрын Түркістан, Қызылорда және Жамбыл облыстарында орналасқан жанармай құю бекеттерінің иесі Атырау мұнай өңдеу зауыты мен Павлодар мұнай-химия зауытына өтінім беруді қысқартты. Себебі теміржол тарифтері қымбаттап кетті. Кәсіпкерлер Шымкент МӨЗ іске қосылады деп күткен», – деді вице-министр.
Ол 13 маусымнан бастап бензин өндірісі қайта басталғанын айтты. Соңғы бес күнде орташа тәуліктік өндіріс 6,5 мың тонна болған. Бұл ретте оңтүстік өңірлерде АИ-92 бензинін тәуліктік тұтыну мөлшері - 5,3 мың тонна. 16 маусымнан бастап дизель отынын өндіру қайта жанданған. Соңғы төрт күнде орташа тәуліктік өндіріс алты мың тоннаны, ал күнделікті тұтыну 5,6 мың тонна болған.
«Мұнай өнімдерін өндіру ағымдағы қажеттілікті толығымен
өтейді. Шымкент МӨЗ-інде жөндеу жұмыстары кезінде кәсіпкерлер Атырау және Павлодар
МӨЗ-дерінен отын сатып алу мүмкіндігіне ие болды. Өңірде мұнай өнімдерінің қоры
қалыптасты. Бұл стандартты тәжірибе, зауыттар жыл сайын жоспарлы жөндеуден
өтеді. Бірақ жанар-жағармайды теміржол көлігімен уақтылы жөнелту бойынша
мәселелер болды. Қазір ҚТЖ-мен бірлесіп, оңтүстік өңірлерге басымдықпен бензин
жөнелтуді жеделдетіп жатырмыз. Министрлік мұнай өнімдерін өндіру саласындағы
үйлестіруді қамтамасыз етеді, ал одан кейінгі процестер - кәсіпкерлер
арасындағы қарым-қатынасқа байланысты. Осыған қарамастан, жеткізілім
іркілістерін азайту үшін біз оңтүстік өңірлерге отынды қолмен жеткізуді
қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жүргізіп жатырмыз», – деп сендірді Әсет
Мағауов.
ru Займы под 120% годовых: дело о незаконном кредитовании передано в
ru Выставка тепличных технологий Grow Expo Astana 2026 пройдет 8-10 апреля
ru Жаркентская мечеть включена в предварительный список Всемирного наследия ЮНЕСКО
ru В Минтруда обсудили новые механизмы трудоустройства лиц с инвалидностью
ru Схема обмана студентов через соцсети раскрыта в Шымкенте
ru В Акорде состоялась церемония встречи Президента Сербии
ru Мобильный ЦОН: сколько услуг казахстанцы получают через приложение
ru Подростки с особыми потребностями осваивают профессию кондитера в Карагандинской области
ru КНБ ликвидировал канал контрабанды наркотиков
ru Охлажденное мясо птицы можно будет хранить в 3 раза дольше
ru Солдат Национальной гвардии разработал цифровой портал для военнослужащих
ru Учащиеся 0-9 классов второй смены переведены на дистанционный формат обучения
ru Пенсионерка едва не лишилась более 2 млн тенге в Павлодаре
ru Строительство нового завода Coca-Cola Içecek в Актобе планируется начать в
ru Один из крупнейших бизнесменов Польши построит фармзавод в Шымкенте
ru Стартует прием заявок на премию Президента Республики Казахстан «Алтын Сапа»
ru Президент Сербии Александр Вучич посетит Астану 26-27 февраля
ru Глава государства направил поздравительную телеграмму Эмиру Кувейта
ru МТСЗН РК опровергло фейк о ежегодном отпуске
ru В Алматы открылась юбилейная выставка о мастерах кино
ru В Астане вынесен приговор интернет-мошеннице
ru Олжас Бектенов о выделении 1 трлн тенге на посевную кампанию
ru Олжас Бектенов поручил упростить и оцифровать процедуру льготного кредитного финансирования
ru В Казахстане продолжается подготовка к паводковому периоду
ru В Алматы продолжают расширять фонд студенческих общежитий
ru Почти 3000 га сельхозземель возвращены в госсобственность в Туркестанской области
ru Марихуана в особо крупном размере изъята в ВКО
ru Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров «Самрук-Қазына»
ru Из Турции экстрадирован подозреваемый в серийном мошенничестве
ru Спасатели МЧС оказали помощь 13 гражданам, оказавшимся в снежном заносе

+77772555856
Написать нам




