2014 жылы Астанада 70 ардагердің пәтерінде жөндеу жұмыстары жүргізілді
Сонымен қатар, 120 адам «Нұра» санаториясында демалып, ем қабылдауға мүмкіндік алды, деп хабарлады Астана әкімшілігінің баспасөз қызметі.
«Демеушілердің есебінен ардагерлердің пәтерлерінде қолма-қол «жедел жәрдем» шақыруға мүмкіндік беретін арнайы «дабыл түймесі» орнатылған. Ардагерлерге тегін медициналық көмек көрсетіледі. Бұдан бөлек, өткен жылы 70 ардагердің пәтеріне жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 120 адам «Нұра» санаториясында демалып, ем қабылдауға мүмкіндік алды», — делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Соғыс ардагерлеріне республикалық ардагерлер ұйымы қоғамдық бірлестігінің Астана қалалық бөлімшесі де жәрдемдесуде. Қызметкерлер ардагерлерге күн сайын көмектесіп, олардың денсаулығын бақылауға алады.
Астаналық ардагерлер мектептер мен университеттерге барып, патриоттық іс-шараларға қатысады. Жеңістің 70 жылдығына орай ұйым соғыс қаһармандарының қатысуымен көлемді іс-шаралар өткізуді жоспарлап отыр.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәлімдеуінше, ай сайын жергілікті бюджет есебінен Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне және оларға теңестірілген тұлғаларғакоммуналдық қызмет ақысын төлеу үшін әлеуметтік көмек көрсетіледі және қалалық жолаушылар көлігінде жүруге жеңілдік беріледі. Сонымен қатар, тіс протезін салдыру үшін, санаториялық-курорттық ем қабылдауға, бекітілген дәрі-дәрмектер тізімі бойынша амбулаториялық ем қабылдау кезінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге, жергілікті мерзімді басылымдарға жазылу, моншаға және шаштаразға бару үшін бір жолғы төлем, елеулі күндер мен мерекелерде ақшалай төлем түріндегі әлеуметтік жәрдем ұсынылады.