26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

2014 жылы мұнай-газ секторы 1,5 трлн. теңгеден асатын қазақстандық тауарлар, жұмыстар мен қызмет түрлерін сатып алған

5 февраля 2015 Просмотры: 970

Бұл жөнінде ҚР Энергетика министрі Владимир Школьник Маңғыстау облысында болған жергілікті қамту мәселесі бойынша аймақтық форумда мәлімдеді, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Оның айтуынша, 2014 жылдың қорытындысы бойынша мұнай-газ саласындағы жер қойнауын пайдаланушылармен жалпы құны 3 триллион теңгеден астам тауарлар, жұмыстар мен қызмет түрлері сатып алынған, оның ішінде қазақстандық қамту көлемінің 54% құраған.

Жалпы, ҚР Энергетика министрлігінің қолдауымен Ақтау қаласында жер қойнауын пайдаланушылар мен Маңғыстау облысының әкімдігі арасында құны 300 млрд астам теңгені құрайтын Ұлттық өндірушілерді қолдауға бағытталған меморандумдарға қол қойылды.

«Бүгінгі қол қойылған меморандумдардың отандық тауар өндірушілерді қолдауға және жұмыс орындарын сақтап қалуға бағытталған», — деді В. Школьник.