26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

2015 жылы «Қазхром» компаниясы Ақтөбе облысыныңәлеуметтік даму жобаларын жүзеге асыруға 850теңге бөледі

18 марта 2015 Просмотры: 1 152

Ақтөбе облыстық әкімшілігі мен Еуразиялық топқа қарасты «Қазхром» ТҰК» АҚ арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Өзара ынтымақтастық шартына сәйкес биыл әлеуметтік даму жобаларын жүзеге асыруға 850 млн. теңге бөлінбекші. Оның ішінде кеншілер шаһары — моноқала Хромтауды көріктендіруге және әлеуметтік инфрақұрылымдарын дамытуға 370 млн. теңге қарастырылады. Осы жоба аясында Хромтаудағы коммуналдық тұрғын үй құрылысы қамтылып, бірнеше балалар бақшасына күрделі жөндеу жүргізіледі, электрмен және сумен жабдықтау желілері жаңартылады. Сондай-ақ, көптен бері шешімін таппай келе жатқан қатты-тұрмыстық қалдықтар полигонын салу қолға алынбақшы.

Сонымен қатар, баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ақтөбе қаласындағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымдарын көркейтуге және жаңғыртуға 177,5 млн. теңге бөлінбек. Сондай-ақ Алға балалар үйі де осы шараның игілігін көрмекші. 300 млн. теңге облыс аумағында өткізілетін әлеуметтік-мәдени және спорттық шараларды жандандыруға бөлу көзделуде.