2015 жылы Түркістанға 1 миллионға жуық туристер мен қажылар келді
Алматы. 23 ақпан. Ақпараттар орталығы. 2015 жылы Түркістанға 1 миллионға жуық туристер мен қажылар келді, деп мәлім етті бүгін ОСК-дегі брифингте Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов.
«Тек былтыр Түркістанға 1 миллионға жуық туристер мен қажылар келді», — деді Б.Атамқұлов. Сонымен қатар, ол облыста «Сарыағаш» курортын халықаралық деңгейге көтеру бойынша жұмыстар басталғанын хабарлады.
Облыста сондай-ақ, «Ontustik tourism Center» Туристік ақпараттық орталығы құрылған..
«Орталық «Бір терезе» қағидасы бойынша туристік қызмет ұсынуды жоспарлап отыр, мұнда әр турист өзіне қажеттің бәрін ала алады: көші-қон анықтамасы, медициналық сақтандыру, сонымен қатар барлық қажетті ақпараттық материалды», — деп түсіндірді әкім.
Өңір басшысы, сондай-ақ былтыр Индустрияландыру картасы аясында 2,5 мың жұмыс орны құрыла отырып, 27 жобаның іске қосылғанын айтты.
«Индустрияландыру картасы жүзеге асырылғалы бері облыста 228,5 млрд теңге сомаға 164 жоба пайдалануға берілген, бұл 14 мыңдай жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді. Оның ішінде 2015 жылы инвестициясы 44,6 млрд теңгені құрайтын 2,5 мыңнан астам жұмыс орнын құратын 27 жоба іске қосылды», — деді Б.Атамқұлов