26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

2016 жылы Қазақстанда 31 мыңнан астам білім гранттары бөлінетін болады  

12 мая 2016 Просмотры: 2 397
2016 жылы Қазақстанда 31 мыңнан астам білім гранттары бөлінетін болады  
Алматы. 13 мамыр. Ақпараттар орталығы.  2016 жылы Қазақстанда  31 700 білім гранты бөлінеді, деп мәлім етті ҚР білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, халықаралық ынтымақтастық департаментінің  директоры Серік Өмірбаев.
 
«Грант саны бойынша, биыл бізде мемлекеттік білім тапсырысының көлемі өткен жылғы деңгейде қалады, яғни жалпы саны 31 мың 700 грант. Мамандықтар бойынша біз әлі бөлген жоқпыз, себебі ол үкімет қаулысымен бекітіледі.  Мемтапсырыс көлемін белгілеу бойынша ол қаулының жобасы қазір қаралуда. Ол бекітілгеннен кейін біз қосымша хабардар етеміз», - деді С. Өмірбаев Астанадағы брифингте.  
 
Ол білім грантының құны биыл да өткен жылғы көлемде қалатынын мәлім етті.   

«Бұл орташа статистикалық 346 мың теңге. Біз грант құнын көтермейміз. Сондықтан, білім туралы заңға сәйкес, ереже бойынша ақылы оқутуды да ЖОО-лар грант ұны деңгейніде қалдырады, яғни – 346 мың теңге және ақылы бөлімшелерге де баға  белгіленді. Сонымен қатар, жоғары оқу орындары да дарынды жастарды қолдау үшін өздерінің гранттарын белгілей алады. Және егер ЖОО сол абитуриентке қызығушылық танытса, оны өз грантына қабылдайды», - деп атап өтті БҒМ өкілі.