2020 жылға дейін қазақстандық көлік жобаларына инвестициялар 40 млрд. долларды құрайды
Бұл туралы «Еуразияны құру: Жібек жолының экономикалық белдеуі» атты халықаралық конференция барысында «Қазақстан Темір Жолы» ҰК АҚ президенті Асқар Мәмин айтты, деп хабарлайды үкімет басшысының баспасөз қызметі.
«2020 жылға дейін барлық инфрақұрылымдық шектеулерді алып тастауға, сондай-ақ құзіреттіліктерді арттыруға бағытталған жалпы инвестициялар көлемі шамамен 40 млрд. доллар болатын жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Олар бізге бәсекеге қабілетті сервисті ұсынуға және тасымал көлемдерін арттыруға мүмкіндік береді», — деді А. Мәмин.
Оның айтуынша, тәуелсіздік жылдарында республикада 2,5 мыңнан астам шақырым темір жол салынған.