26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

2025 жылға қарай елімізде 20 көпбейінді аурухана салынады

2 сентября 2020 Просмотры: 1 171 Медицина
ҚазАқпарат
Фото: ҚазАқпарат

Алматы. 2 қыркүйек. Ақпараттар орталығы - 2025 жылға қарай елімізде 20 көпбейінді аурхана салынады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі уақытта өңір әкімдіктері 12 модульдік жұқпалы аурулар аурухана құрылысына және бір аурухананы жаңғыртуға белсенді кірісіп кетті. Олар осы жылдың қазан айында пайдалануға беріледі», - деді ол. Оның атап өтуінше, бұл жұмыс коронавирус індетінің екінші толқынына дайындық аясында жүргізіліп жатыр және ел халқына дер уақытында әрі сапалы көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Бұған қоса, заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған 2 700 инфекциялық төсек-орын жасақталады. «2025 жылға қарай еліміздің өңірлерінде мемлекеттік-жекешелік серіктестік есебінен 20 ірі заманауи медициналық орталық құрылады. Бұл халықаралық сапа талаптарына сай халыққа жоғары технологиялық медициналық көмектің барлық спектрін көрсететін көпбейінді арухана болады. Сонымен қатар төсек-орын қорын 50 пайызға жаңартуға мүмкіндік береді. Шамамен 1,5 трлн теңге инвестиция тартылады. Сонымен қатар «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекске сәйкес, аталған жобаларды жүзеге асыратын «Turar Health» ұлттық операторын құру туралы Үкімет қаулысының жобасын енгіземіз», - деді Алексей Цой. Сондай-ақ ол 2021 жылдың соңына қарай Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында әрқайсысы 500 төсек-орынға арналған 2 көпбейінді жұқпалы аурулар ғылыми-зерттеу орталығы салынатындығын айтты.

Источник: ҚазАқпарат

Читайте также