26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

«KMG Drilling & Services» және «Nabors Drilling International Ltd» біріккен кәсіпорын құрды

22 апреля 2015 Просмотры: 1 741

Астанада «ҚазМұнайГаз» ҰК еншілес компаниясы «KMG Drilling & Services» ЖШС және «Nabors Drilling International Ltd» арасында біріккен кәсіпорын құру туралы құжаттарға қол қойылды, деп хабарлайды ҚМГ баспасөз қызметі.

Жаңа біріккен кәсіпорын Теңіз кенішінде бұрғылау жұмыстарын, сондай-ақ болашақ кеңейту жобасын жүзеге асыратын болады.

«KMG Nabors Drilling Company» ЖШС тиісті екіжақты өзара түсіністік туралы меморандумда көрсетілген «Теңізшевройл» (ТШО) ЖШС ҚР Үкіметі алдындағы міндеттемелерін орындау аясында құрылған. Келісімге сәйкес ТШО «KMG Nabors Drilling Company» жаңа бұрғылау қондырғыларын сатып алу үшін қаржы бөледі.

Біріккен кәсіпорынды құру қазақстандық үлесті арттыруға, «Nabors» компаниясынан тәжірибе алмасуға, басқару технологиясы мен жүйесін алуға, сонымен қатар ұзақмерзімді болашақта ҚР ірі мұнайгаз жобаларында бұрғылаушы мердігер ретінде тиімді жұмыс істеуіне мүмкіндік бермек.

«KMG Nabors Drilling Company» ЖШС бас офисі Атырау қаласында орналасады және аймақта 200 білікті жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді, оның ішінде компанияның 90 пайыз қызметкерлері Қазақстан азаматтары болады», — делінген хабарламада.