26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Ә. Жақсыбеков Астананың дарынды балаларымен кездесті

21 января 2015 Просмотры: 1 202

Бүгін Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков дарынды балалармен — елорда мектептерінің оқушылары, республикалық және халықаралық олимпиада, түрлі конкурстар мен ғылыми жобалардың жеңімпаздарымен кездесті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жас физиктер, математиктер, информатиктер, архитекторлар, суретшілер, эколологтар мен спортшылар елорда басшысына өздерінің табыстары мен жетістіктері жайында әңгімелеп, болашақ жоспарларымен бөлісті.

Әкім қызыққа толы кездесу үшін балаларға алғысын білдіріп, көптеген сұрақтарына жауап берді. Және спортпен, дене шынықтырумен шұғылдану — олардың денсаулығы мен қалыпты дамуына әсері мол екенін естеріне салды.

«Біздің жастардың арасында Билл Гейтс сияқты инноваторлар, Абай Құнанбайұлы сияқты философтар, Қаныш Сәтбаев сияқты ғалымдар, Мұхтар Әуезов сияқты жазушылар жүруі мүмкін. Сендер біздің Елорданың жарқын өкілісіңдер, Ел сендермен мақтануы керек. Бүгінгі таңда 67 мыңнан астам астаналық оқушылар түрлі деңгейдегі ғылыми-шығармашылық сайыстар мен олимпиадаларға қатысуда. Астана қаласының оқушыларынан құралған топ 7 жыл қатарынан бірінші орындар мен атақтарға ие болып келеді. Оған қоса, жақында өткен О. Жәутіков атындағы халықаралық олимпиадада біздің балалар математика мен физика, информатикадан жүлделі орындарға ие болды. Сендердің болашақтарыңның жарқын болуы — бұл қаламыздың, тұтас еліміздің болашағының жарқын болуы деген сөз», — деді Ә. Жақсыбеков.