26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Ә. Жақсыбеков: Кәсіпкерлікті қолдау – біздің маңызды міндетіміздің бірі

3 февраля 2015 Просмотры: 994

Бүгін Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков кезекті аппарат отырысын өткізді. Отырыста елорданың көлік инфрақұрылымы, мемлекеттік қызмет көрсету процедураларын оңтайландыру қажеттілігі, сондай-ақ бизнеске қолайлы жағдай жасау мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Ә. Жақсыбеков назар аударған тағы бір маңызды мәселе, — елорданың кәсіпкерлері үшін қолайлы жағдай жасау. Астанада сауда қызметін жүргізуге ниетті кәсіпкерлерді іріктеу механизмінің жариялылығын былай қойғанда сол тетіктерінің өзінің болмауы, парктер мен демалыс орындарында арнайы алаңқайларды уақытша иелену және пайдалану туралы келісімдер жасау процедуралары наразылық тудырады.

- Қазіргі экономикалық жағдайда елордадағы бизнесдің дамуы қарқынды және тиімді болуы үшін барынша көп шара қабылдауымыз қажет, — деді Әділбек Жақсыбеков.

Астана әкімі сонымен қатар басқарма жетекшілеріне мемлекеттік қызмет реестрін кеңейту, мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі тұрғындардан талап етілетін құжаттар көлемін азайту бойынша ұсыныстар енгізуді тапсырды.