26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Әділбек Жақсыбеков: Астана спортшылары елорда жылнамасын жарқын жеңістерімен толықтырды

27 января 2015 Просмотры: 972

Бүгін Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков 17-ші жазғы Азия ойындары мен 2014 жылғы өзге де халықаралық жарыстардың жеңімпаздары және жүлдегерлерімен кездесті, деп хабарлайды Астана қаласының ресми сайты.

Елорда әкімі қаланың атын әлемге асқақтатып жүрген спортшыларға барша Астана тұрғындары атынан алғыс білдірді.

Әділбек Жақсыбеков, елордадағы спорттың бастауында Мемлекет басшының өзі тұрғандығын айта келе, спорттың барлық түрлері бойынша әлемдік талаптарға сай келетін заманауи нысандарды салу ісіне ерекше мән берілгендігін жеткізді.

2011 жылғы Азия ойындары мен өзге де халықаралық жарыстардың Астанада өткізілгені осыған дәлел.

Астана әкімі параолимпиадашыларға айрықша алғысын білдірді.

- 12 Азия параойындарында медалдар бойынша абсолютті рекорд орнатқан елордалық параолимпиадашыларға және оларды дайындаған адамдарға ризашылық білдіргім келеді. Көп жағдайда бапкерлердің еңбегі еленбейді. Бұл ретте Владимир Загородний, Берік Мыржықпаев, Әлия Түсіпбекова секілді Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушыларын атап өткім келеді.

- Сіздерге Астана жылнамасын жарқын беттермен толықтырғандарыңызға және өскелең ұрпаққа жақсы үлгі көрсеткендеріңіз үшін алғыс айтамын, — деді Әділбек Жақсыбеков.