26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Ахметжан Есімов Алматының энергия кешендері нысандарын жекешелендіру жоспарына күмән келтірді

23 апреля 2015 Просмотры: 1 025

Бұл туралы ол 2014-2015 жылдардағы жылу маусымының қорытындылары және қала шаруашылығының алдағы жылу маусымына дайындық жоспарлары туралы жиналыста айтты, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

Әкімнің сөзінше, кезінде «Трактебель» компаниясының келеңсіз тәжірибесі салдарынан Алматының энергия кешені құрдымға кете жаздаған. Қосалқы станцияларға күш артығымен түсіп, ескілері жаңартылмай, электр желілерінде энергия көздері жоғалып жатқан. Соңғы 8 жыл ішінде энергия кешенін мемлекет меншігіне қайтарған кезден бастап энергия кешенін қайта жасау мен модернизациялау үшін мемлекет тарапынан 100 млрд. теңгеден астам инвестициялық қаржы жұмсалған.

«Жеке инвестордың ауқымды қаржы бөлу мәселесін тарифтерді кенет көтеру арқылы шешу жөніндегі ниетіне жол беруге болмайды», — деді қала басшысы.