26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Алматы мен Алматы облысы өңірінде электр энергиясына тариф төмендеді

5 марта 2015 Просмотры: 1 536

Бұл туралы бүгін болған баспасөз конференциясында «АлматыЭнергоСбыт» (АЭС) ЖШС бас директоры Михаил Гамбургер хабарлады.

Тариф төмендеуінің басты себебі «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС және «Екібастұз 2-МАЭС станциясы» АҚ электр энергиясына босату бағасының төмендеуінде. Осыған байланысты «АЭС» Алматы қаласы мен Алматы облысы өңірінің тұтынушыларына электр энергиясын 2015 жылдың 1 ақпанынан тарифті төмендетті.

Алматы қ. мен Алматы облысы өңірінің тұтынушылары үшін электр энергиясына экономикалық негізделген тариф ҚҚС санамағанда 1 кВтсағ үшін 15,52 теңге құрайды, ал 12% ҚҚС санағанда 1 кВтсағ үшін 17,38 теңге.

Тәулік зоналары бойынша сараланған тарифтің мөлшерлемесі үш зоналық есептеу жүйесі бойынша есеп-айырысатын тұтынушылар үшін, ҚҚС санамағанда: 1) тарифтің күндізгі мөлшерлемесі — сағат 7-00 бастап сағат 19-00 дейін – 1 кВтсағ үшін — 15,52 теңге; 2) максимум сағаттарында тарифтің мөлшерлемесі — сағат 19-00 бастап сағат 23-00 дейін – 1 кВтсағ үшін 32,54 теңге; 3) түнгі тарифтің мөлшерлемесі — сағат 23-00 бастап сағат 7-00 дейін – 1 кВтсағ үшін 4,36 теңге.

Екі зоналық есептеу жүйесі бойынша есеп-айырысатын тұтынушылар үшін, 12% ҚҚС санағанда: 1) тарифтің күндізгі мөлшерлемесі — сағат 7-00 бастап сағат 23-00 дейін – 1 кВтсағ үшін 22,30 теңге; 2) түнгі тарифтің мөлшерлемесі — сағат 23-00 бастап сағат 7-00 дейін – 1 кВтсағ үшін 4,88 теңге.

Электр плиталарын пайдаланатын және пайдаланбайтын электр энергиясының тұтыну көлеміне байланысты есеп-айырысатын тұтынушылар үшін, 12% ҚҚС санағанда: 1) бірінші деңгейлі тариф – 1 кВтсағ үшін 15,40 теңге; 2) екінші деңгейлі тариф – 1 кВтсағ үшін 20,87 теңге; 3) үшінші деңгейлі тариф – 1 кВтсағ үшін 26,10 теңге.

АЭС мәліметі бойынша, Алматы мен Алматы облысы аймағында 26 мыңнан астам заңды тұлға тұтынушылар және 720 мың жеке тұлға тұтынушылар бар.