26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Алматы облысы жыр сүлейі Сүйінбай Аронұлының 200 жылдық мерейтойын өткізуге дайындалуда

3 апреля 2015 Просмотры: 1 453

Шараға облыстық бюджетінен қомақты қаржы қарастырылып отыр. Бұл туралы Алматы қаласында Жазушылар одағында өткен «Сүйінбай ақын — түркі дүниесінің рухани қазынасы» атты әдеби-танымдық конференцияда Алматы облысы Жамбыл ауданының әкімі Жандарбек Далабаев мәлімдеді, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Аудан әкімінің айтуынша, бүгінгі күнде ақын шығармашылығын зерттеп, мұрағат арқылы бұрын баспа бетін көрмеген өлеңдерін жинақтап жарыққа шығару, ақынның өмірі мен шығармашылығына негізделген деректі фильм түсіру және басқа да ұйымдастыру жұмыстарына 7 млн. теңге қаржы бөлінген.

Мерейтой қарсаңында ақын дүниеге келген Қарақыстақ ауылын абаттандыру жұмыстарына тағы 3 млн. теңге жұмсалып, ақын мұражайына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалық-сеталық құжаттары әзірленуде.

Сондай-ақ мұражайдың күрделі жөндеу жұмыстарына 90 млн. теңге қаржы қарастырылды, 16,5 млн. теңгеге Сүйінбай Аронұлының кесенесін қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Ауылдық аурухана, әкімшілік ғимараттары күрделі жөндеуден өтеді.

Мерейтой тартуы ретінде Қарақыстақ ауылының орталығында ақынға арналған еңселі ескерткіш бой көтеріп, ауыл ажарына көрік берер орталық саябақтың лентасы қиылмақ. Сонымен қатар ауылдың ауыз су құбырлары қайта жаңғыртылып, орталық көшелеріне күрделі жөндеу жүргізіледі.