26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Алматы облысында 674 мың шаршы метрден астам тұрғын үй заңдастырылды

18 апреля 2016 Просмотры: 998
Алматы облысында 674 мың шаршы метрден астам тұрғын үй заңдастырылды
Алматы. 19 сәуір. Ақпараттар орталығы. Алматы облысында 674 мың шаршы метрден астам тұрғын үй заңдастырылды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

«Алматы облысында жалпы құны 198,8 млрд. теңгені құрайтын 25 мыңнан астам объекті заңдастырылды, оның ішінде 674,6 мың ш.м. 24,1 мың – тұрғын үй және 277,5 млн.теңге сомасында қаражат заңдастырылды», - деді облыс әкімі Амандық Баталов.

Хабарланғандай, халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін 557 мақала жарияланып, 1234 телесюжет пен радио бағдарламалар, 7550 буклет жарық көрді, 326 семинар мен «дөңгелек үстелдер» өткізілді.

Сонымен қатар, мемлекеттік меншікті жекешелендіру жүргізілуде, қалпына келтіру және банкроттық әрекеттері жетілдірілуде.

Аталып өткендей, 2014-2015 жылдары 6 кәсіпорын жекешелендірілді, 2020 жылға дейін тағы 53 объектіні жекешелендіру кестесі бекітілді.