26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Алматыда Дәулет Тұрлыхановтың жүлделеріне грек-рим күресі бойынша турнир өтеді

26 марта 2015 Просмотры: 1 231

Биыл 28 және 29 наурыз аралығанда Алматы қаласының «Достық» спорт сарайында әйгілі отандық балуан, республикалық күрес федерациясының құрметті президенті Дәулет Тұрлыхановтың жүлделеріне арналған грек-рим күресінен дәстүрлі турнир өтеді, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және спорт министрлігі.

Республикалық турнир Күрес біріккен әлемінің ережелері бойынша он салмақ категориясының арасында өтеді. Бұл жарысқа жыл сайын ең білікті балуандар жиналады. Турнирге қатысу жас атлеттер үшін өзін көрсетіп, халықаралық алаңдарға жолдау алу мен ірі жеңістерге дайындықтың керемет мүмкіндігі.

Шараның салтанатты ашылуы 2015 жылғы 28 наурыз күні сағат 15:00 өтеді.

Дәулет Тұрлыханов КСРО еңбегі сіңген спорт шебері, Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген жаттықтырушысы. 1989 жылғы Әлем чемпионы, 1988 жылғы Еуропа және 1995 жылғы Азия чемпионатының жеңімпазы, Олимпиада ойындарының күміс және қола жүлдегері. КСРО сегіз дүркін чемпионы, Әлем кубогының екі дүркін иегері, КСРО халықтары Спартакиадасының, Азия ойындарының жеңімпазы.