Алматыда сенбілік кезінде 5000-нан астам ағаш отырғызу жоспарлануда
2015 жылдың 11 сәуірінде Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді. Сенбілік кезінде мегаполис аумағына 5000-нан астам ағаш отырғызылу жоспарлануда, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөp қызметі.
«Сенбілік күні көшелер, аулалар, саябақтар, өзен жағалаулары мен арықтар тазартылады. Жиналған қоқыстарды сыртқа шығарумен 800 арнайы техника бірлігі айналысады. Қаланың эстетикалық келбетіне де мән беріліп, ағаш түптері әктеледі, турниктер, орындықтар және басқалары сырланады», — делінген хабарламада.
Сенбілікке қатысушылардың барлығына қажетті заттар — қолғаптар, қоқыс салатын қаптар және басқалар берілмек.